Италияда футбол жанкүйерлері 2021 жылға дейін стадионға кіргізілмейді

Италияда футбол жанкүйерлері 2021 жылға дейін стадионға кіргізілмейді

Италияда футбол жанкүйерлері 2021 жылға дейін стадионға кіргізілмейді
ашық дереккөзі
Италия  футбол матчтары 2021 жылдың қаңтарына дейін көрерменсіз өтеді. Бұл туралы  La Gazzetta dello Sport басылымына сілтеме жасап Prosports.kz хабарлады. Италиядағы коронавирус пандемиясына байланысты карантин 3 мамырға дейін ұзартылды. Келесі күні, 4 мамырда футбол командалары толық жаттығуды бастауы керек, ал 31 мамырда А сериясының қайта басталуы жоспарланып отыр. 2019/20 маусымы тамыз айында аяқталуы керек. Алайда Италиядағы футбол чемпионаты қайта басталып, жоспарланған сценарий бойынша өтсе де, барлық матчтар көрерменсіз өтеді. Үкімет 2021 жылдың қаңтарына дейін стадионда жанкүйерлердің жиналуына тыйым салуды жоспарлап отыр. Айта кетейік, әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 1,85 млн адамнан асып жығылды. Індеттен 114 мыңнан астам адам көз жұмды.  Ал Қазақстанда 972 адам коронавирус жұқтырды. Олардың 11-і қайтыс болса, 99-ы дертінен айықты.