Әлемде коронавирус құрбандарының саны 114 мыңнан асып жығылды

Әлемде коронавирус құрбандарының саны 114 мыңнан асып жығылды

Әлемде коронавирус құрбандарының саны 114 мыңнан асып жығылды
ашық дереккөзі
Джонс Хопкинс университетінің ақпараты бойынша әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 1 850 220 адамға жетті. Олардың 114 215-сі көз жұмса, 430 455-і емделіп шықты. Індет жұқтыру көрсеткіші жөнінен АҚШ көш бастап тұр. Бұл елде 557 300 адам кеселге шалдыққан. Екінші орында – Италия (166 831 адам), үшінші орында – Италия(156 363 адам). Коронавирустан көз жұму деректері Еуропа бойынша Италияда ең көп тіркелген. Елде індеттен 19 мыңнан астам адам қайтыс болған. Одан кейінгі орындарда – Испания (17 209 адам), Франция (14 393 адам) және Ұлыбритания (10 612 адам) тұр. Ал АҚШ-та коронавирус құрбандарының қатары 20,6 мыңнан асып жығылды. Бұл мемлекет вирустан бір тәулік ішінде екі мыңнан астам пациент қайтыс болған әлемнің алғашқы елі болды. Джонс Хопкинс университетінің соңғы мәліметтері бойынша, АҚШ-та Covid-19 инфекциясын 530 мыңнан астам адам жұқтырған. Ал еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға келсек, Қазақстанда 972 адам коронавирус жұқтырды. Бұған дейін Қарағанды облысында тағы 11 адамнан індет анықталғанын хабарлағанбыз. Қазақстанда вирус жұқтырғандардың 99-ы емделіп шықты. 11 адам көз жұмды.