235
42 500 теңге: Министр қазақстандықтардан кешірім сұрады
42 500 теңге: Министр қазақстандықтардан кешірім сұрады
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 42 500 теңге әлеуметтік төлемнің кешіктірілуіне байланысты ел тұрғындарынан кешірім сұрады.
«Әлеуметтік төлемдер неге кешігіп жатыр деген сұрақтар туындауда. «Мен бір апта бұрын бергенмін», «4-5 күн өтіп кетті» дегендер көп. Бұл ретте мен сіздердің алдарыңызда министр ретінде кешірім сұраймын. Біз осы күндері үлгермедік. Оның себебі бар. Не себеп, неліктен үлгермей жатырсыздар? дейсіздер. Оның бірнеше себебін түсіндіріп кетейін. Біріншіден, біз өзімізге 3 күн белгіледік. Бірақ, одан да көбірек уақыт қажет еді. 42 500 теңге бюджеттен емес, мемлекеттік сақтандыру қорынан төленеді. Сол қор ақша береді, сол қор тағайындайды. Ол бөлек мекеме», - деді министр.
Біржан Нұрымбетовтің айтуынша елімізде бүкіл төлемдер «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы арқылы банктерге жіберілетінін түсіндірді. Ал банктер азаматтардың есепшоттарына аударады.
«Ал өтінішті қабылдап жатқан біздің министрлік болғандықтан барлық құрылымдарымен оларды тексереді. Содан кейін сіздерге жібереміз. Осы үш мекеме айналысып жатыр. Басқаша болмайды. Сіздерге айтарым, осы үш мекеменің азаматтары күні-түні жұмыс істеп жатыр», - деді министр.