285
Алматы облысында 4 саяжай массиві карантинге жабылды
Алматы облысында 4 саяжай массиві карантинге жабылды
Алматы облысында төрт саяжай массиві карантинге жабылды, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
«COVID-19 диагнозы расталған 11-ші пациентпен байланыста болған азаматтар провизорлық госпитальға жатқызылып, олардан сол мезетте КВИ анализі алынған болатын. Қорытындылар алынып, 9 адамның індет жұқтырғаны анықталды. Облыстық штабтың келісімімен Еңбекшіқазақ ауданындағы бірден төрт саяжай массиві - «Алтын адам», «Көксай», «Алтын алма» жəне «Береке» карантинге жабылды. Облыс əкімінің тасырмасымен тұрғындардың тізімі жасалды, қажеттілігіне қарай олар азық-түлікпен жəне қызмет түрлерімен қамтамасыз етіледі», - делінген ақпаратта.
Атап өтілгендей, осыған орай Еңбекшіқазақ ауданының бас санитарлық дəрігері қаулы қабылдады. Қазір карантин режимін қатаң сақтауды қамтамасыз ететін қызметтер жұмылдырылуда.