Қазақстанда коронавирус жұқтырудың тағы 4 дерегі тіркелді

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 4 адам тiркелдi, деп хабарлайды coronavirus2020.kz. 

Түркістан облысында – 2 адам, Қарағанды облысында – 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 1 адам кеселге шалдыққан.

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 199 адам, Алматы қаласында – 91 адам, Қарағанды облысында – 22 адам, Ақмола облысында – 19 адам, Атырау облысы – 20 адам, Жамбыл облысында -6 адам, Шымкент қаласында – 11 адам, Шығыс Қазақстан облысында – 3 адам, Алматы облысында – 9 адам, Ақтөбе облысында – 7 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 15 адам, Павлодар облысында – 1 адам, Маңғыстау облысында – 1 адам, Қызылорда облысында – 26 адам, Батыс Қазақстан облысында – 2 адам, Түркістан облысында – 16 адам, жалпы 448 науқас тіркелді.
Back to top button