Төтенше жағдай кезінде қылмыс саны 22 пайызға азайған

ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ішкі істер органдары жүргізетін қауіпсіздік шаралары туралы айтып берді.

ҚазАқпараттың жазуынша, Орталық коммуникациялық қызметте өткен брифнгте министр: «Еліміздегі төтенше жағдай кезінде ішкі істер органдары қауіпсіздікті қамтамасыз етіп жатыр. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және ұрлық пен тонау фактілерін болдырмау үшін шаралар қабылдануда. Төтенше жағдай жарияланған кезден бастап, еліміз бойынша қылмыс саны 22 пайызға азайды», – деді.

Министр 28 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында карантин режимі күшейгенін еске салды.

«Мекемелер жұмысы тоқтады, үйден шығуға шектеу қойылды. Адам көп жиналатын орындар жабылды. Көшеде үш адамнан көп жиналуға, сондай-ақ жасөспірімдерге жалғыз жүруге болмайды. Тек үш жағдайларда көшеге шығуға болады: азық-түлік, дәрі-дәрмек алуға немесе ауруханаға және тек жұмысқа баруға рұқсат етіледі. Басқа кезде шығуға тыйым салынады», – деді Е.Тұрғымбаев.

Back to top button