300
Алматы облысы: "Асыл-Арман" тұрғындары карантинге жабылды (видео)
Алматы облысы: "Асыл-Арман" тұрғындары карантинге жабылды (видео)
Алматы облысында тұрғын үй кешені пәтерлерінің бірінде коронавирус жұқтырған науқас анықталды. Үй кіреберісі карантинге жабылды. Бұл туралы облыстың өңірлік коммуникациялар қызметінен хабарланды.
"Асыл-Арман" ТК төртінші кіреберісінің тұрғындарына үйден шығуға, қонақ қабылдауға тыйым салынды. Осы кіреберісте тұратын жұмыс істейтін азаматтар жұмыс берушілеріне қалыптасқан жағдай туралы ескертуі керек.
Әкімдік дерегінше, дезинфекциялық жұмыстар Жамбыл ауданындағы Аққайнар ауылында, Іле ауданындағы Көкқайнар ауылында, Қарасай ауданындағы Іргелі ауылында жүргізіледі. Билік бұл елді мекен тұрғындарынан түсіністік танытып, тыныштық сақтауды сұрады.
https://www.youtube.com/watch?v=5rHvMRIZOlY