288
Еліміздің үш өңірінде ескерту жарияланды
Еліміздің үш өңірінде ескерту жарияланды

Қазгидромет мамандары ауа райына байланысты еліміздің үш өңіріне ескерту жариялады.
Синоптиктердің болжамынша, ертең, 29 наурызда Қызылорда мен Маңғыстау облыстарында шаңды дауыл соғып, кей жерде желдің жылдамдығы15-20 м/с жетеді.
Сондай-ақ, 29 наурыз күндіз Атырау облысының кей жерінде оңтүстік-шығыстан жылдамдығы 15-20 м/с жететін жел соғады.