26 Наурыз 2020, 10:01 497 0 Денсаулық Анар ЛЕПЕСОВА

Әлемде коронавирустан 21 400 адам көз жұмды

Дүниежүзінде коронавирус індетін жұқтырғандар саны 475 мыңнан асып жығылды. Соңғы тәулікте кеселден 2400-ден астам адам көз жұмды. 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының соңғы дерегіне сүйенсек, әлемде COVID-19-ға шалдыққандар саны 475 087-ні құрады. Статистика бір тәулікте 50 865 адамға артып отыр.

Індеттен көз жұмғандар саны 21 400-ге жетті. Соңғы тәулікте коронавирустан 2407 адам қайтыс болған.

Ал дерттен жазылып шыққандар саны –110 658, олардың 4852-сі  –соңғы тәулікте ауруханалардан шығарылғандар. 

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 88-ге жеткенін хабарлағанбыз. 

Соңғы дерек бойынша, кеселді Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 46 адам, Алматы қаласында – 34, Қарағанды қаласында – 2, Шымкент қаласында – 2, Алматы облысында – 1, Ақтөбе облысында – 1, Жамбыл облысында – 1, Солтүстік Қазақстан облысында – 1 адам жұқтырды. 

Соңғы жаңалықтар