265
Елордада тағы бір адамнан коронавирус анықталды
Елордада тағы бір адамнан коронавирус анықталды
Нұр-Сұлтанда тағы 1 адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Бұл туралы ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің Телеграм каналында хабарланды.
Комитет таратқан ақпаратқа сәйкес, 23 наурыз, сағат 13-50-дегі жағдай бойынша елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 62-ге жетті. Нұр-Сұлтанда – 32, Алматыда – 26, Қарағандыда – 2, Алматы облысында 1, Ақтөбе облысында 1 жағдай тіркелді.