23 Наурыз, 11:02 439 0 Денсаулық Анар ЛЕПЕСОВА

Ақтөбеде коронавирус жұқтырған науқасқа қатысты дерек жарияланды

Ақтөбеде коронавирус жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болғандардың барлығы оқшауландырылды.

Бұл туралы Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев мәлімдеді. 

«Қазіргі таңда Ақтөбе облысында коронавирус инфекциясына байланысты эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Бүгінде облысымызда бір науқаста коронавирустық инфекция анықталды. Ол науқас 22 наурыз күні Ресейден келген. Науқасты бірден инфекциялық ауруханаға оқшаулаған едік. Зертханалық тексеру барсында тұрғынымыздан коронавирус инфекциясы анықталды. Қазіргі уақытта науқастың жағдайы тұрақты. Қажетті емдік іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Осы науқаспен байланыста болған барлық тұрғындарды оқшаулау жұмысын аяқтадық», - деді Әсет Қалиев «Хабар 24» телеарнасының тікелей эфирінен.

Оның дерегінше, Ақтөбе облысында стационарлық карантинде 68, үй карантинінде 38 тұрғын жатыр. Олардың барлығының жағдайын дәрігерлер күнделікті бақылауда ұстап отыр. «Біз көшеге шығуды, қоғамдық орындарға баруды барынша шектеу арқылы ғана денсаулығымызды қорғай аламыз. Коронавирус инфекциясымен күрестің ең тиімді әдісі - адамдар арасындағы байланысты мейлінше азайту. Ұйымдардың, мекемелердің, үлкен сауда орындарының, емдеу мекемелерінің басшылары санитарлық нормаларды қатаң сақтауымыз тиіс», - деді ол.

 

Соңғы жаңалықтар