26 Ақпан, 14:05 1010 0 Жаңалықтар Анар ЛЕПЕСОВА

Өскеменнен Ақсуатқа бет алған Ан-2 ұшағы апатқа ұшырады

Өскемен әуежайы маңында Ан-2 ұшағы апатқа ұшырады. Азаматтық авиация комитетінің  хабарлауынша, ұшақ бортында бес адам болған.

«Орлан 2000» әуе компаниясының Ан-2 әуе кемесі санитарлық тапсырма бойынша Өскемен – Ақсуат бағыты бойынша сапарды орындаған. Сағат 12.50 кезінде экипаж қозғалтқыштың штаттан тыс жағдай туралы баян етті. Әуе кемесінің командирі Өскемен әуежайынан бір жарым шақырымда орналасқан ауданға мәжбүрлі түрде қону туралы шешім қабылдады. Бортта 5 адам – 3 экипаж мүшесі мен 2 қызметтік жолаушы болған», - деп хабарлайды Азаматтық авиация комитетінен.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдың даму министрлігінің Авиациялық оқиғаларды тергеу жөніндегі басқармасы болған оқиға бойынша тергеу жүргізілуде.

Әзірге ұшқыштардың біріне медициналық көмек көрсетіліп жатқаны белгілі болды.

Соңғы жаңалықтар