Nur Otan Сайрамдағы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға баспана салып берді

Nur Otan Сайрамдағы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға баспана салып берді

Nur Otan Сайрамдағы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға баспана салып берді
ашық дереккөзі
Nur Otan партиясының Түркістан облысы Сайрам аудандық филиалына Ақсукент, Көлкент, Қарасу ауылдарының тұрғындары газдандыру, автокөлік жолдарын салу, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету мәселелері жөнінде жүгінді. Ақсукент ауылы 2000 жылдары толық газдандарылған. Ол уақытта ауыл картасында болмаған Зиябеков көшесінде ғана газ желісі жүргізілмеген. Бұл көшедегі 18 тұрғын үйде 100-ден астам адам тұрады. Олардың 35 бала, 4 зейнеткер және 3 мүмкіндігі шектеулі жан бар. Тұрғындардың мәселесін қарастыру үшін партияның Сайрам аудандық филиалында аудандық мәслихат депутаттары Б.Жамалбеко, М.Есалиев және Б.Зиятаевпен кездесу ұйымдастырылды.  Кездесу барысында  қайырымдылық көмек қаржысы есебінен газ құбыры желісін салу туралы шешім қабылданды.   Жоба құны – 12 млн теңге.    Газ құбыры желісін салу жұмысы 2020 жылдың қаңтар айында аяқталды. Ақсукент ауылындағы Зиябеков көшесі толық газдандырылды. Партияның Сайрам аудандық филиалы Көлкент ауданы тұрғындарының автокөлік жолдарын салып беру туралы өтінішін де назарсыз қалдырмады.  Ауылдағы 200-ден астам тұрғыны бар Тұйық көшесі 2020-2021 жылдары бюджет есебінен жол құрылысы жүргізілетін көшелер тізіміне енбей қалғандықтан, көше тұрғындары партиядан көмек сұрады. Nur Otan-ның Сайрам аудандық филиалы аталмыш көшені қайырымдылық көмек қаржысы есебінен асфальттау туралы шешім қабылдады. Жол құрылысы 2019 жылдың қазан айында толық аяқталды. Жергілікті тұрғындарды баспанамен қамту мәселесін шешуге де партия ұдайы қол ұшын созып келеді. Мәселен, аймақтағы кәсіпкерлер және депутаттармен бірлесе жұмыс істеу нәтижесінде Қарасу ауылында тұратын мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін екі тұрғын үй салынды.  Жоба құны – 8 млн теңге. 2020 жылдың 6 ақпанында тұрғындарға үйдің кілті табысталды.