Жанар Хамитованың өліміне қатысты тергеу аяқталды

Жанар Хамитованың өліміне қатысты тергеу аяқталды

Жанар Хамитованың өліміне қатысты тергеу аяқталды
ашық дереккөзі
Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі әншінің өліміне қатысты қылмыстық істің жабылғанын хабарлады, деп жазады Liter.kz. «SuperStar.kz – 2006» жобасының финалисі, «Арнау» дуэтінің бұрынғы әншісі Жанар Хамитоваға қатысты «Өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу» бабы бойынша тергеу аяқталды. Дереккөздің хабарлауынша, іс қылмыстық құқықбұзушылық құрамының болмауына байланысты ҚР ҚІЖК-нің 35-бабы негізінде тоқтатылды. Айта кетейік, эстрада әншісі Жанар Хамитова қыркүйек айында Қарағанды облысы Қарқаралыдағы ата-анасының үйінде қайтыс болған еді. Әншінің артында екі баласы қалды. Әншінің туыстары әнші өз-өзіне қол салмағанын, үй жинап жүргенде жүрегі тоқтап қалғанын айтқан. Ата-анасы жедел жәрдем шақырғанымен, дәрігерлер Жанар Хамитованың өмірін сақтап қала алмады. Сурет интернет желісінен алынды.