Министр: Ержан емес, біздің көрермен жеңілді

Министр: Ержан емес, біздің көрермен жеңілді

Министр: Ержан емес, біздің көрермен жеңілді
ашық дереккөзі
Ержан Максимді қолдауда бізге бірлік жетпей қалды. Жас әншінің Польшадағы жеңісі жайлы ойымен бөліскен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев осылай мәлімдеді.  «Ол өзін көпшілік арасында ұстай біледі. Кәсіби әрі құзіретті халықаралық төрешілер бірауыздан жеңісті Ержанға берді. Байқаудың қалған қатысушыларынан Ержанның биік тұрғаны – ешқандай күмән туғызбайды. Сол себепті, ол мен үшін жеңімпаз», - деді министр «Ашық диалог» бағдарламасында. Дәурен Абаев Ержанның жеңісін – қоғам үшін толағай іс тындырып жатқан «Хабар» агенттігінің бүкіл командасының жеңісі деп бағалады. «Әлбетте, әрбір мемлекет өз ұланына дауыс береді. Дауыс беруде шынайылық туралы сөз қозғамай-ақ қоюға болады. Оны жақсы түсінеміз. Осы сәтті пайдалана отырып, Ержанға дауыс берген азаматтардың барлығына алғысымды айтқым келеді. Өкінішке қарай, біздің азаматтардың дауыс берудегі белсенділігі басқа елдерге қарағанда бәсеңдеу болды. Сайып келгенде, Ержан емес – жеңілген біздің көрермен. Жас дарынды қолдауда бізге бірлік жетпей қалды. Ахмет Байтұрсынұлы «Ерім дейтін ел болмаса, елім дейтін ер қайдан шығады» деген. Сөзді осымен аяқтауға болады», - деді ол.