3 Қазан, 10:54 718 0 Нұр Отан Анар ЛЕПЕСОВА

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қалыптастыру жолында

Жүйелі жаңғыру жолына түскен «Nur Otan» партиясы Елбасының Саяси кеңесте жүктеген тапсырмалары мен Президент Жолдауындағы мақсат-міндеттерді орындап, халық артқан сенім үдесінен шығу үшін өңірлердегі барлық құрылымдарына айрықша жауапкершілік жүктеп отыр. Сондықтан аймақтардағы филиалдар заман талабына сай жедел әрекет етуде. Партияның Атырау облыстық филиалы да жергілікті тұрғындармен қоян-қолтық жұмыс істеп, өңірдегі өзекті мәселелердің оң шешілуіне ықпал етуде. Аймақтағы игі өзгерістер жайлы облыстық филиал төрағасының бірінші орынбасары Нұрлыбек Ожаев баяндап берді.

– Нұрлыбек Жұмахметұлы, партия жұмысын жүйелі жаңғырту қолға алын­ғалы бері көп өңірде оң өзге­ріс­тер байқалады. Атырау облы­сын­дағы нәтижелер қандай?

– Атырау облысындағы партия құры­лымдары «Nur Otan»-ның сындарлы сая­сатын, халық алдындағы міндетінен жаңылмай, жоспарлы және жүйелі түрде жұмыс істеп келеді.

Жаңғыртылатын демократиялық сая­си жүйе мен ашық ақпараттық қоғам жағ­­дайында партиялық кадрлардың жоғары бәсекеге қабілеттілігін қамта­ма­сыз ету мақсатында кадрлардың сапалық құра­мы­на толық аудит жүргізілді. Пар­тия­лық кадрлық резервті қалыптастыру бары­сында 148 үміткер ұсы­ны­лып, тест тап­сы­ру кезінде 133-і (79,2%) шекті дең­гейден өтті.

Қоғамдағы белсенділігін арттыру мақ­са­тында бастауыш партия ұйымдарының төрағаларына арналған көшпелі «кус­та­лық» семинарлар (Доссорда, Аққыстауда және Құлсары қаласында) өткізілді.

Жаңғыру жұмыстарының негізгі өзегі – партиялық кадрларды даярлауда поли­то­логиялық білім ерекше назарға алынып, өңірлер бойынша алғашқы және әзірге дара «Саясаттанушылар орталығы» құ­рыл­ды. Президент Жолдауындағы мақ­сат-міндеттерді насихаттау және қоғам­дық-саяси жағдайға мониторинг жүргізу, БПҰ үшін әдістемелік нұсқаулық әзірлеу мақса­тын­да құрамына ғалымдар, партия арда­гер­лері, бұқаралық ақпарат құрал­да­ры өкілдері енген Орталық арқылы сараптама жүргізіліп, идеологиялық қыз­мет бағыт­тары мен методикалық мате­риал­дар нақ­ты­ланды. «Жаһандану дәуі­ріндегі – Қазақстан» тақырыбында рес­пуб­ликалық не халықаралық деңгейде саясаттану­шы­лардың ғылыми-практи­ка­лық конфе­рен­ция­сын өткізу жос­пар­лануда.

Сонымен қатар, Атырау облыстық фи­лиалы Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақ­төбе, Түркістан облыстық, Шымкент қалалық және 15 аумақтық филиал­дары­мен іскерлік қарым-қатынас орнатып, озық әдістемелер, заманауи қажеттілікті анықтауға мүмкіндік туды.

– Президент Қасым-Жомарт Тоқа­ев халыққа Жолдауында бұдан былай ше­неуніктер жұмысының са­пасы халық­тың өтініш-шағым­дары­ның орындалуына қарай бағытта­латынын айтты. Атыраулық шенділер партия­ның қоғамдық қабылдауына қаншалықты жиі бас сұғады?

– Жылдың басында жергілікті атқа­ру­шы орган басшыларының облыстық партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды жеке қабылдау жөнінде кесте жасақталған болатын. Филиал төрағасы бекіткен кесте бойынша басқарма басшылары келіп, жеке қабыл­даулар өткізеді.

Қоғамдық қабылдау бөлмесінде «Nur Otan» партиясының барлық деңгейдегі мәс­­лихаттардағы депутаттары, филиал төр­ағалары, яғни қала, аудан әкімдері қа­былдау өткізді. Мемлекеттік орган бас­шы­лары 425 қабылдау жүргізіп, 999 аза­матты қа­былдап тұрғындардың мәсе­ле­лерінің шешілуіне араласты. Облыстық филиалда атқарушы органдар басшылары 75 қабыл­дау өткізіп, 363 адамның өті­ніш­терін тың­дап, оң шешілуіне атсалысты. ҚР Тұңғыш Пре­зиденті – Елбасының «Nur Otan» пар­тия­сының Саяси кеңесінде бер­ген халық­пен кері байланыс құрал­да­ры­ның тиім­ді­лігін арттыру бойынша тап­сырмасының, сондай-ақ Мемлекет бас­­шысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақ­­стан халқына Жол­дауында қойыл­ған «Ха­лық үніне құлақ асатын мемлекет» жүйе­­­сін қалып­тас­тыру бойынша қыр­күйек-желтоқсан айларына қабылдау кес­телері барлық филиалдар бойынша түрлі форматтағы қабылдаулармен (көш­пе­лі, «Skype» байла­нысы арқылы) толық­ты­рылып, қайта бекітіліп, ретімен орын­далуда.

– Партия Төрағасының Бірінші орын­ба­сары Бауыржан Байбектің айтуынша, партияның қоғамдық қабылдау бөлмесіне келіп түскен шағымдардың 47 пайызы жергілік­ті жерде, аймақтық және аумақтық филиалдардың төрағалары шеше­тін мәселелер. Сіздердің аймақта­рың­ызда тұрғындар партияға негі­зі­нен қандай мәселелер бойынша шағымданады? Олардың талап-тілек­тері дер кезінде қанағаттан­ды­ры­ла ма?

– Жыл басынан бері 9 қоғамдық қа­был­дау бөліміне жеке және заңды тұл­ғадан 1945 өтініш түскен. Түскен өті­ніш­терді саралау нәтижесінде анықтал­ға­нындай, өңір тұрғындары партияға негі­зі­нен әлеуметтік мәселелер (28,8%), пә­тер және жер телімін алу (27,9%), жұмысқа орналастыру (18,0%), тұрғын үй-комму­нал­дық шаруашылығы (10,8 %) жөніндегі талап-тілектерімен жүгінеді. Әлеуметтік мәселер бойынша Атырау қаласы және Жылыой ауданы тұрғындарынан арыз-шағым көп түскен. Ал жұмысқа орна­лас­тыру жөніндегі өтініштердің дені Мақат, Исатай және Қызылқоға аудан­дарының азаматтарынан түскен.

Бүгінгі күнге дейін келіп түскен 1945 өті­ніштің 532-і (27%) оң шешіліп, 1413 (73%) өтініш бойынша нақты түсі­нік­те­мелер берілген. Яғни, тұрғындардың талап-тілектерінің қанағаттандырылу деңгейінің облыс бойынша орташа көр­сет­кіші 27 пайыз. Кейбір аудандық фи­лиал­дарда бұл көрсеткіш жоғары дең­гей­де. Атап айт­қанда, Исатай ауданында 54%, Жылыой ауданында 46%, Мақат ауда­нын­да 40 % құрайды.

– Еліміз шағын және орта бизнеске айрықша қолдау көрсетіп отыр. Алайда көп жағдайда кәсіп ашқысы келетіндер мемлекет ұсынған жеңілдіктерден бейхабар. Атырау облысындағы бизнес бастауға ниеттілер мемлекеттік қолдаудың игілігін толыққанды көріп жатыр ма?

– Кәсіпкерлік саладағы мемлекеттік қол­дауларды насихаттау бағытында «Ата­ме­кен» кәсіпкерлер палатасы жанынан облысымыздың 7 ауданында және Атырау қаласында кәсіпкерлерді қолдау орта­лық­тары ашылып, белсенді жұмыс істеуде. Орталықта мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру, бизнес жоспар жасақтау, салық және есептерді тапсыру, мемлекеттік тапсырыстарға қатынасу, оқыту, құқық­тық көмектер кеңестері тегін көрсетіледі. Бүгінгі күнге дейін кәсіп бастаған және бастағысы келетін 7 мыңнан астам адам мамандардан кеңес алды.

– Бүгінгі күнге дейін «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдар­ла­ма­сында көрсетілген мақсат-міндеттердің 80 пайызы орындал­ды. Нәтижесінде халықтың пар­тияға деген сенімі, құрметі арта түскені аңғарылады. Атырау облы­сында да нұротандық атануға ниеттілер қатары көбейген болар?

– Күні бүгінге облыс бойынша партия мүшелерінің саны 31 900-ге жетіп отыр. 2018 жылы партия мүшелігіне 1866 адам қабылданса, оның 250-і кәсіпкерлер, 126-сы жастар. Ал биыл партия мүшелерінің қатарына 2000-нан аса адам қосылды. Бұрын нұротандықтардың қатары негізі­нен білім, денсаулық, мәдениет саласы мен мемлекеттік қызметкерлермен то­лық­са, бүгінде шағын және орта бизнес өкіл­де­рінің, сондай-ақ жастардың партия мүшесі болуға ықылас танытуы «Nur Otan»-ға деген сенімнің артқанын айғақ­та­са керек.

– Сұхбатыңызға рахмет!

 

Сұхбаттасқан

Анар ЛЕПЕСОВА

Соңғы жаңалықтар