ОҚУШЫЛАРДЫ ҚУАНЫШҚА БӨЛЕДІ

ОҚУШЫЛАРДЫ ҚУАНЫШҚА БӨЛЕДІ

ОҚУШЫЛАРДЫ ҚУАНЫШҚА БӨЛЕДІ
ашық дереккөзі
Жуырда Алматы облысы, Ақсу ауданының Ақсу ауылына журналистер үшін пресс-тур ұйымдастырылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, негізгі мақсат ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруда жасалған жұмыстармен БАҚ өкілдерін таныстыру. Соңғы жылдары ауылға қайырымды жандардың шапағаты көп  тиген.. «Туған жерге туыңды тік» деген Елбасымыздың бір ауыз сөзін іліп әкеткен ауылдан шыққан жомарт жандар 1964 жылы іргетасы қаланған мектепке күрделі жөндеу жұмыстарын жасап, шалғайда қараусыз қалған білім ордасының ұстаздары мен балаларына қуаныш сыйлады. Мектеп әкімшілігінің айтуынша, білім мекемесінің жөндеу жұмыстарына кәсіпкер, меценат Нұрбаев Молдияр мұрындық болған. «Өзім туған ауыл, оқыған мектебіме жасаған бұл іс менің азаматтық борышым деп білемін..