30 Тамыз, 16:42 598 0 Саясат Túrkistan Gazeti

Екі күннің ішінде 14 қылмыс тіркелді

Қылмысқа қарсы күресті күшейту, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Конституциясының 24 жылдығын мерекелеу күндері «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Бұл туралы ІІМ Баспасөз қызметі хабарлады. 

Екі күн ішінде 2117, оның ішінде қоғамдық орындарды 286, көшелерде 14 қылмыс тіркелді.

Жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері 1287 қылмыстың ізін суытпай ашты.

91 қылмыскер ұсталды, оның ішінде өткен жылдары іздеу жарияланған 9 қылмыскер қолға түсті.

Полицейлер тұрғындардан заңсыз сақталған 66 қару, 61,5 кг есірткі құралдары алынды.

Сондай-ақ 35,3 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық, оның ішінде ұсақ бұзақылық, қоғамдық орындарда спиртті ішімдік ішу, балаларды тәрбиелеуде ата-ана міндеттерін орындамау, елімізде болу тәртібін бұзу, жолаушыларды заңсыз тасымалдау, көлік құралдарын мас күйде басқару фактілері анықталды.

Жедел-профилактикалық іс-шара өткізу барысында полиция қызметкерлерінің іс-қимылы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу және жолын кесуге бағытталады.

Тэгтер қылмыс

Соңғы жаңалықтар