Атырауда педофилді ұстауға көмектескендер марапатталды

Атырауда педофилді ұстауға көмектескендер марапатталды

Атырауда педофилді ұстауға көмектескендер марапатталды
ашық дереккөзі
Атырауда педофилді ұстауға көмектескен ер адамдарға алғыс білдірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «ҚР ҰҚК шекара қызметінің №2016 әскери бөлімшесінің әскери қызметшісі Асылбек Досшанов және Атырау мұнай өңдеу зауытының қызметкері Әсет Бисенбаев өңірдің полиция департаменті бастығының алғыс хаттарымен марапатталды. Олар полицияның кішкентай баланы азғындыққа салды деген күдікке іліккен адамды ұстауына көмектесті», - деп мәлімдеді облыстық ПД баспасөз қызметі. Қызметін атқарудағы ерлігі үшін екі патруль қызметкері де марапатталды. Тонау дерегі бойынша қозғалған істі ашудағы жылдамдығы үшін патрульдік полиция лейтенанттары Қуандық Сабиров пен Ернар Қожаберген полиция департаменті бастығының алғыс хатын алды.