ЖҮРЕКТЕРГЕ СӨЗ СӘУЛЕСІН ТҮСІРГЕН

ЖҮРЕКТЕРГЕ СӨЗ СӘУЛЕСІН ТҮСІРГЕН

ЖҮРЕКТЕРГЕ СӨЗ  СӘУЛЕСІН  ТҮСІРГЕН
ашық дереккөзі
Өткен аптада М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрында көрнекті журналист-жазушы «Алматы ақшамы» газетінің бас редакторы Қали Сәрсенбайдың 60 жылдық мерейтойына орай «Сөз сәулесі» атты шығармашылық кеш өтті. Кешті танымал тележурналист Нұртілеу Иманғалиұлы жүргізді. Қазақтың белгілі өнер қайраткерлері Асанәлі Әшімов, Ілия Жақанов, Сәбит Оразбай жазушының «Эстет» атты жаңа кітабының тұсауын кесті. Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ақын Ұлықбек Есдәулет Қали Сәрсенбайдың шығармашылығы жайында сөйлеп, мерейтойымен құттықтады. Сондай-ақ Қазақстанның Халық жазушысы Әбдіжәмил Нұрпейісов, академик Серік Қирабаев т.б. көрнекті тұлғалар мерейтой иесінің шығармашылық жетістіктері туралы ойларын айтып, мерейін өсірді. Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі күмбірлете күй төкті. Қырғыз Республикасының халық әртісі, Қырғыз мемлекеттік сыйлығының лауреаты Саламат Садықова, «Қоңыр» тобы, танымал әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Бағдат Сәмединова әуелете ән шырқап, шығармашылық кештің сәнін кіргізді. Әбдіжәмил Нұрпейісов, Қазақстанның Халық жазушысы:  width= Біз жазушылықты құр кәсіпке айналдырып, қадірін түсіріп алдық – Баяғы совет заманы еді. Әдебиет проблемасы жөнінде жазған бір мақалам «Литература» газетінде жарияланды. Сонда «облик слова определяет облик мыслей» дегем-ді. Мұны қазақ тіліне аударсақ «сөз жүйесін тапса – ой иесін табады!»  width= Ал енді бір мақаламда «Абай дүниедегі бардың бәрін бір өзінің көкірегіне сыйғызды» деппін. Бұл ақиқат қой. Шындық қой. Сіз бен біз не айтсақ, не жазсақ – соның бәрінде де Абайды алдымызда ұстап, Абайды куәлікке шақырып, Абайдан цитата келтіреміз. Бұларды айтып отырғаным – бүгін бәріміздің басымызды қосып отырған қаламдас досымыз Қали Сәрсенбайды осыдан отыз жыл бұрын ПЕН-Клубқа мүше ғып алып тұрып: «Сенің жазған шығармаңда культура бар» деппін. Қали ол кезде тіпті жас. Жас жазушы.  Осы сөзден кейін ол туралы ештеңе айтпай, тілімді тістеп отыруыма болады екен. Себебі бар: жазушылықты біз құр кәсіпке айналдырып қадірін түсіріп алдық.  Абай «сөз өнері дертпен тең», – деді. Зейнолла дос «Ар ісінің азабы», – деді. Сонау көне грек, көне Рим заманынан бері айдай әлем мұны бір ауыздан «Творческая мука» деп, бар дәуірде, баршамыздың миымызға құйып, санамызға сіңіріп келеді. Біздің алдымызда ақ қағаз. Қолымызда қалам. Есік, терезені жауып алып столға отырғанда тағы да Зейнолла дос айтқандай, басымызға сөзбен өнер тудырамыз деген ой келе ме? Күмәнім бар. Бір мысал: Лев Толстойдың өте жақсы көрген талантты қызы  Татьяна әкесінің шығармаларын көп рет көшіріп жазған. «Отец Сергий», «Хаджи Мурат» сияқты повесть, әңгімелерін  «она переписывала много раз. И это давала ей возможность убедится, сколь отец требователен к себе, сколь он строг и взыскателен».   Жүрсін ЕРМАН Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:  width= ҚАЗАҚЫ ҚАРАСӨЗДІҢ АҚИЫҒЫ (Қалиға) Қалыңдап жолбарыстай жал-иығың, Алпысқа сен де келдің, Қали інім. Құрметтеп төбесіне көтереді ел, Қазақы қарасөздің ақиығын!   Тірілтіп тарихтағы сұр тастарды, Алпыста торламасын бұлт аспанды. Ол сенің қаламгерлік ұлы еңбегің, Азанда іздеп жүрсе жұрт «Ақшамды».   Мазалап нән қаланың сан  сұрағы, Жігерің талантыңды қамшылады. Шығады шуақ шашып әр адамға, Шаһардың мың жасаған шамшырағы!   Шешіліп «Шал мен Шындық» сырласқанда, Қарап қой төбеңдегі нұрлы аспанға. «Ақшамның» айнасымен көрсетесің, Келбетін қоғамыңның кір басқанда.   Есігін қағып қазақ әр үйінің, Келесің қайыстай боп қанып иің. Замандас болғаныма қуанамын Қаламдас жаны жайсаң Қали інім!  

Дайындаған: Ахмет ӨМІРЗАҚ