«Гәп» фильміне түскен актер әрі әзілкеш Қанат Әлжаппаров өзінің кино саласына аяқасты келгенін мойындады, деп хабарлайды Skifnews.kz.
«Нағыз кино деп «Титаник», «Өкіл әке», «Менің атым қожа», Қыз жібек», «Тақиялы періште» фильмдерін айтуға болады. Қазіргі кинолар да жаман емес, бірақ ыржың-тыржың көп. Мен сияқтылар келіп, киноны «бардак» қылды», — дейді Қанат Әлжаппаров.
Сондай-ақ әзілкеш кино саласының дамуына үлес қосып жүрмегенін айта кетті.
«Бармаймын десем де шақырады. Мен негізі киноның адамы емеспін ғой. Кино түсірушілер қомақты ақша ұсынады. Сосын амал жоқ барасың. Бұл жерде дүние ғой. Сонда біз пәленбай миллионға қазақ киносын құртып жатырмыз, көрдің бе?! Біз киноға үлес қосайын деп жүрген жоқпыз, дүние үшін келдік. Ертең өнер академиясынан небір таланттар шығады, солар үлесін қосар, біз дүниенің қамымен жүрген адамдармыз», — деп мойындады әзілкеш.