27 Маусым, 19:31 849 0 Атажұрт Бақытбек Қадыр

Моңғолия Парламенттін қандасымыз Бәделхан Қабдісіләм басқарады

Бұған дейін Моңғолияның Құрылыс және қала құрылысы министрі және Парламент депутаты болған Бәделхан Қабдісіләмұлы енді Моңғолияның Парламентін басқарады. Бұл туралы kaznews.mn порталы хабарлады.

2020 жылғы Моңғолия Парламенті сайлауының нәтижелері жарияланып, жақын арада парламенттің жаңа мүшелері ант береді.

Моңғолияның Парламент туралы заңында көрсетілгендей бірінші сессияны басқару 76 депутаттың ішіндегі ең жасы үлкен депутатқа тиесілі. Сондықтан бірінші сессияны Баян-Өлгий аймағынан сайланған 66 жастағы қандасымыз Бәделхан Қабдісіләм басқарады.

Бәделхан Қабдісіләмұлы 1954 жылы Баян-Өлгий аймағы Делуін сұмынында туған. Жаңа сайланған Ұлы Құрылтай парламенттің ең жасы үлкен мүшесі атанып отыр. Ол Моңғолияда қазақ халқынан шыққан бесінші министр.

2020 жылғы Парламент сайлауында Баян-Өлгий аймағынан Бәделхан Қабдісіләм, Әубәкір Тілеухан, Бейсен Бұланұлы сайланды.

Тарихта бұған дейін тарих ғылымының докторы, профессор Зардыхан Қинаятұлы Моңғолия үкіметі басшысының орынбасары және Моңғолия Парламенті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған болатын.

Бақытбек ҚАДЫР

Соңғы жаңалықтар