1 Маусым, 14:44 387 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

Түлектер тәлімгерлігі – әркім ие болатын мүмкіндік

Ғұлама ойшыл, Шығыстың жауһары Әбу Насыр әл-Фарабидің туғанына 1150 жыл әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Түлектері күні академиялық дәстүр. Журналистика факультеті Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының Түлектер күні 2020 жыл 30 мамырда осы мызғымас дәстүрді онлайн форматта жалғастырды.

Журналистика факультетінің Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасындағы кездесуді ұжымның меңгерушісі, саяси ғылымының докторы, профессор Гүлмира Сұлтанбаева ашып, кафедра түлектерін құттықтады.

ҚазҰУ ректорының, академик Ғалымқайыр Мұтанұлы Мұтановтың арнайы бейне құттықтауы таныстырылды. Әл-Фарабидің: «Адамдар тек бірлесе, бір-біріне көмектесу арқылы ғана бақытқа жете алады», – деген нақыл сөзінде қаншама терең ой, парасатты идея бар. Ректор түлектердің  ғұламаның осы идеясы аясында бір-бірін қолдай отырып, университет пен қоғам дамуына үлес қосуға шақырды. Мәселен, түлектердің қолдауымен кафедра базасында соңғы оқу жылдарында ашылған «Qazaqstan», «Egemen Qazaqstan»,  Ж.Кенжалин атындағы Баспасөз және жаңа медиа оқу-шығармашылық зертханалар серіктес жұмыс беруші ұйымдардың қолдауымен оқу техникалық мүмкіндіктердің алаңына айналды.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің төрағасы, ҚазҰУ Түлектер қауымдастығының президенті, заң ғылымдарының докторы, профессор Қайрат Әбдіразақұлы Мәмидің «Тәлімгерлік: әркім ие бола алатын мүмкіндіктер» жобасы таныстырылды.

Кафедараның осы орайда оқу-техникалық базасын жаңалаудан бастап оқу үрдісіне, білім беру бағдарламалары медиа нарыққа бейімдеуге дейінгі түлектермен орындалған ауқымды жобалары аталды.

«Egemen Qazaqstan» газетінің Алматыдағы тілшілер қосыны, «Qazaqstan» ұлттық арнасының Алматы редакциясы мен «Қазақ газеттері» ЖШС базасында Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы филиалдарының ашылуы оқу үрдісінің медиа өндіріске бейімделуіне жол ашты.

Кафедраның әр жылдардағы бітіруші түлегінің ҚазҰУ студентіне тәлімгер болу бастамасын қолдаған Жоғарғы сот төрағасының кеңесшісі Нұрлан Қалқа: «Қайрат Әбдіразақұлы ұсынған жоба маған қатты ой салып отыр. Біз бұл бағыттағы серіктестіктің үш нақты қадамын айтсақ. Біріншісі, биыл тәлімгер болу бастамасы аясында құқықтық журналистика саласына маман дарялауға үлес қосамыз. Екінші бастамамыз, баспасөз қызметі мамандарын сот саласында даярлау қажет. Студенттердің соттардың баспасөз қызметінде тәжірибеден өтуіне көмек беру ісін жолға қойсақ. Жоғары курс студенттерінің аудандық, облыстық соттарда тәжрибеден өтуін ұйымдастырамыз. Үшіншісі, құқықтық салаға икемі бар студенттерге арнап, онлайн шеберлік сыныптарын тұрақты ұйымдастырамыз», – деп ұсыныстарды атап өтті.

Журналистикада мамандану мәселесін атасақ. Спорт не құқық саласын алсақ. Мәселен, сот саласын тереңдетін жазған, бәрімізге жақсы таныс әділдікті, әділеттілікті журналистиканың басты қағидасына айналдырған, заң күшіне мұқтаж жандарға кеңес берген Нұри Муфтахтың шеберлігі. Александр Тасболат заңның бүге-шүгесіне дейін зерттеп, бір салаға маманданған танымал журналист. Заң баптарын не терминдерін жай жазып қоймай, халыққа тсүіндіріп, билік пен қоғамның арасындағы құқықтың дәнекері болды.

Кафедра тарапынан Гүлмира Серікбайқызы аталған ұсыныстар бойынша оқу жоспарында Журналисткианың құқықтық негіздері базалық пән ретінде оқытылып отырғанын, салалық жағынан тереңдетіп оқытатын бағдарлама әзірлейтіні атап өтті.

Жоғарғы соттың баспасөз қызметімен талқыланған «Құқықтық журналистика анықтамалығын» баспаға дайындау қажет, бұған журналистердің күнделікті заң, құқық, этика саласында кездесетін терминдер мен процестерді БАҚ материалдарында қолдануға арналған әдістемелік құрал қажет. Құқықтық медиа саласындағы үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдардың ұсынысы негізінде  факультетте студенттік медиа клиника ашылса, салалық мамандар даярлауға ықпалы артар еді.

Факультеттің Түлектер қауымдастығы туралы бейнебаянды тамашалаған кафедраның  5 жылдықтан бастап 35 жылдық түлектеріне дейін бірнеше буын өкілдері қатысқан шарада дәстүрлі медиадан бастап цифрлық медиа нарықтың талаптарына сай мамандар даярлауға түлектердің үлесі аталды.

Атап айтқанда, танымал журналист һәм қоғам қайраткері 45 жылдық түлектер атынан Сауытбек Абрдрахманов, топ медиа менеджер Арманжан Байтасовтың бейне тілектерімен қатар, шараға 15 жылдық түлектер, есіме елге таныс журналистер Мейіржан Әуелбекұлы, Мирас Мұқаш, PhD докторлары Жұмағали Есенбек, Алма Сайлауқызы қатысып, арнайы шәкіртақы тағайындады.

«Kazakh  TV» арнасы ақпараттық бағдарламалар бөлімінің шығарушы редакторы Мәншүк Шымырбай, журналист, Жетісу университетінің оқытушысы Назым Дутбаева, «Қазақ радиосының» жүргізушісі Гүлбағыш Бостан шараның спикерлері ретінде кафедра студенттерінің тәлімгері атанып, журналистік дағдыларын үйрету ісіне үлес қоспақ.

Алдағы оқу жылында «Хабар» АҚ» 25 жылдығы, «Қазақ радиолары» ЖШС  100 жылдығы, «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпараттық агенттігі» Акционерлік қоғамы 100 жылдығы қарсаңында кафедра жұмыс беруші серіктес ұйымдармен ауқымды шаралар жоспары талқылануда.

Соңғы жаңалықтар