24 Мамыр, 13:43 1384 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

Ертең соңғы қоңырау онлайн режимде соғылады

Сурет ғаламтордан алынды
Сурет ғаламтордан алынды

25 мамыр күні еліміздің барлық мектебінде оқу жылының аяқталуына орай соңғы қоңырау онлайн режимде соғылады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова айтты.

Министрліктің Facebook-тегі парақшасында онлайн режимде апта басында өткен аппарат жиналысында вице-министр: «Білім саласы үшін осы апта маңызды екендігін ескере отырып, тоқсандық бақылаулардың дұрыс өткізілуін қадағалау қажет. 25 мамырда соңғы қоңырау мерекесі міндетті түрде онлайн режимде өткізілетіндігіне назар аудартамыз. Ал 3-4 маусым күндері барлық 11-сынып түлектеріне аттестат тапсыру шараларын ұйымдасқан және талаптарды сақтай отырып өткізуді ұсынамыз», – деп атап өткен болатын.

Бұл ретте ҚР Білім және ғылым министрлігі Асхат Аймағамбетов жоғарыда аталған ұсыныстар еліміздің Денсаулық сақтау министрлігімен келісілгендігін айтты.

«25 мамырда онлайн режимінде 1-10 сыныптарға арналған соңғы қоңырау сынып сабақтарын өткіземіз. Жыл қорытындысын сол жерде әр сынып бойынша жасауға, оны әртүрлі уақытта өткізуге болады. Оны асыра ұйымдастырудың қажеті жоқ. Әр сынып жетекшісі қай уақытта, қалай өткізетіндігін ешқандай есепсіз, сұраусыз жеке тәртіпте өткізуі тиіс», – деді министр.

Асхат Аймағамбетов 3-4 маусымда мектеп түлектеріне аттестат тапсыру шарасы кезінде санитарлық талаптардың қатаң сақталуы тиістігіне ерекше назар аудартты.

Соңғы жаңалықтар