24 Мамыр, 12:13 556 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

Еліміздегі дәрі-дәрмек өндірушілері арасында конкурс басталды

Сурет ғаламтордан алынды
Сурет ғаламтордан алынды

Отандық фармацевтикалық өндірушілермен 1 659 атаулы дәрі-дәрмек пен медициналық мақсаттағы бұйым бойынша ұзақмерзімді келісімшарт жасасу үшін байқау басталды. Бұл туралы «СК-Фармация» компаниясы мәлімдеді.

15 маусымға дейін фармацевтикалық өндірушілер байқау нәтижесінде өз өнімін елдің медициналық ұйымдарына жеткізуге он жылдық келісімшарт жасасуға өтінім бере алады.

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова отандық өндірушілерге көп көңіл бөлінетінін айтты.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ел экономикасы өзін-өзі қамтамасыз етуін арттыруы қажеттігін айтып, арнайы бұйрық берді. Коронавирус пандемиясына байланысты барлық мемлекеттің оқшаулануы жағдайында елімізді жеке қорғаныс құралдары және қажетті дәрі-дәрмекпен жеткілікті түрде қамтамасыз ету үшін өз ресурстарымыздың болуы қаншалықты маңызды екенін көрсетті», – дейді Людмила Бюрабекова.

«СК-Фармация» АҚ басқарма төрағасы Берік Шәріптің айтуынша, байқауға 1 659 атаулы зат жарияланды, оның ішінде 116 дәрі-дәрмек пен 1543 медициналық мақсаттағы бұйым бар.

Соңғы жаңалықтар