Пошта қызметкері ауыл тұрғынының жәрдемақысын алып, жаратып жіберген

Пошта қызметкері ауыл тұрғынының жәрдемақысын алып, жаратып жіберген

Пошта қызметкері ауыл тұрғынының жәрдемақысын алып, жаратып жіберген
ашық дереккөзі
Түркістан облысы Келес ауданында бұрынғы пошта қызметкері тұрғынның есепшотынан ақша алған. Жәбірленуші ақшасының ұрланғанын мемлекет тарапынан берілген жәрдемақысы жоғалған соң бір-ақ білген. Бүл туралы облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлады. Арызданып келген тұрғын есепшотына мемлекет тарапынан түскен 30 мың теңгені пошта қызметкері заңсыз алғанын айтқан. Істің толық мән-жайын анықтау мақсатында тәжірибелі полицейлерден жедел-тергеу тобы құрылып, осы қылмысқа қатысты күдікті анықталған. Ол бұрынғы поштада қызметкері болып шықты. Тергеу барысында күдікті поштада істеп жүрген кезінде жергілікті тұрғынның ақшасын өзі қол қойып, алғанын мойындаған. Осылайша ол өзінің қызметін пайдалана отырып, жалған құжаттармен өзгенің сеніп тапсырылған мүлкін иемденген. «Күдіктіге қатысты ҚР ҚК 189 және 385-бабы бойынша тергеу амалдары жүргізілді. Заңсыз алған ақшаны өз қажетіне жаратып жібергені белгілі болды. Қолхатпен босатылған. Қазіргі таңда жинақталған іс-құжаттары аудандық сотқа жолданды» делінген хабарламада.