23 Наурыз, 12:36 233 0 Денсаулық Анар ЛЕПЕСОВА

Әлемде COVID-19 дертін 292 мыңнан астам адам жұқтырды – ДДСҰ

Commuters wearing masks sit on a train in Tokyo, Monday, March 2, 2020. Coronavirus has spread to more than 60 countries, and more than 3,000 people have died from the COVID-19 illness it causes. (AP Photo/Jae C. Hong)
Commuters wearing masks sit on a train in Tokyo, Monday, March 2, 2020. Coronavirus has spread to more than 60 countries, and more than 3,000 people have died from the COVID-19 illness it causes. (AP Photo/Jae C. Hong)

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 292 142 адамға жетті. 12 784 адам дерттен көз жұмды. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы хабарлады.

Соңғы тәулікте дүниежүзінде 26 мың адам дерт жұқтырып, 1600 науқас қайтыс болды. Індет құрбандарының көпшілігі – Еуропа тұрғындары (1426).

Еуропа елдері арасында коронавирусқа шалдыққандар саны жөнінен Италия алда тұр. Елде 53,5 мың мың адам індет жұқтырған. 25 мыңнан астам тұрғыны кеселге шалдыққан Испания екінші орында. Ал 21,5 мың азаматы коронавирус жұқтырған Германия аурудың таралу ауқымы жөнінен үшінші орында.

Айта кетейік, бұған дейін Қытайда коронавирус жұқтырғандардың 90 пайызы емделіп шыққанын хабарлағанбыз.  Бүгінде елде 5120 адам науқастанып жатыр.  Соңғы деректерге сүйенсек, Қытайда жалпы коронавирусқа шалдыққандар саны 81 мың адамға жетті. Оның 72,7 мыңы ауруханадан жазылып шыққан.

Ал Қазақстанда вирус жұқтырғандар саны 60-қа жетті. Нұр-Сұлтанда – 31, Алматыда – 25, Қарағандыда – 2, Алматы облысында - 1 және Ақтөбе облысында 1 жағдай тіркелді.

Соңғы жаңалықтар