Нұр-Сұлтан іргесіндегі 7 ауыл карантин тізіміне алынды – әкім

Сондай-ақ!

Қазақстандағы газ көлемі қанша?

Газ ресурстары елдің ішкі қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін жеткілікті. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев мәлімдеді.  «Ең алдымен газ ресурстары елдің...

Б.Сапарбаев екі жылда жамбылдықтардың 95 пайызын газбен қамтуға уәде берді

Алдағы 2 жылдың ішінде Жамбыл облысы тұрғындарының 95 пайызы газбен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев айтты. «Қазіргі таңда...

Елорда еліміздегі ең ауасы лас қала

Бүгін Үкімет отырысында  Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев 2019 жыл бойынша ауасы лас 10 қаланы атап өтті. Мигистрдің дерегіне сүйенсек Нұр-Сұтлтан...

Елорда кафесіндегі жарылыстан қаза болған әйелдің отбасына 1 млн теңге төленеді

Елордада газ жарылысынан қаза болған Halal brothers дәмханасы жұмысшысының туыстарына 1 миллион теңге төленеді және мәйіттің Қызылордаға жеткізілуіне көмек көрсетіледі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының...

Елімізде коронавируспен күресу мақсатында жарияланған төтенше жағдайға байланысты Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев облыс тұрғындарына үндеу жариялады, – деп жазды ҚазАқпарат.

«Құрметті ақмолалықтар! Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 2020 жылғы 16 наурыздан бастап елде төтенше жағдай енгізілді. Мұндай шара елімізде Тәуелсіздік алғаннан бері алғаш рет қабылданып отыр. Бұл коронавирустық инфекцияның таралуын төмендету бойынша жасалған қажетті қадам. Коронавируспен күресу үшін барлық медициналық ұйымдар мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері күшейтілген тәртіпте жұмыс істеп жатыр. Елімізге коронавирустық инфекцияның енуіне байланысты, Ақмола облысы аумағында вирустың таралуының алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабарлағым келеді», – деді Ермек Маржықпаев.

Аймақ басшысының айтуынша, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында енгізіліген карантинге байланысты өңірдегі барлық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеуге көшті.

«Ақмола облысына шет елдерден келген азаматтар міндетті түде карантинге алынады. Бүгінгі күні облыс бойынша карантинде алынғандардың саны – 31 адам. Оларға барлық жағдай жасалған, жағдайы да қанағаттанарлық. Облыста коронавирус инфекциясы тіркелген жоқ. Алайда, өңірге енгізілген профилактикалық шаралар күшін жоймайды», – деп атап өтті Ермек Маржықпаев.

Осы ретте, аймақ басшысы төтенше жағдай кезеңінде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сонымен қатар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жеткізілуіне және бағаны тұрақтандыруға басты назар аударылып отырғанын атап өтті.

«Ірі сауда объектілерінің, ойын-сауық мекемелерінің және кейбір қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысына уақытша шектеу енгізілді. Алайда, барлық азық-түлік дүкендері, супермаркеттер, азық-түлік базарлары санитариялық және дезинфекциялық шараларды күшейту арқылы күнделікті режимінде жұмыс істейтін болады. Сонымен бірге, барлық кәсіпкерлерді, бағаның тұрақтылығын сақтау және халыққа қажетті тамақ өнімдерін жеткізу арқылы облысымыздың тұрғындарына, ең алдымен халықтың әлеуметтік осал топтарына қолдау көрсетулерін сұраймын», – деп толықтырды аймақ басшысы.

Сонымен қатар, ол Нұр-Сұлтан қаласының іргесіндегі Ақмола облысына қарасты Талапкер, Қараөткел (Ильинка), Қоянды, Қосшы, Жібек жолы, Ы.Алтынсарин және Тайтөбе сияқты 7 ауыл карантин тізіміне алынғанын атап өтті. Бұл ауылдардың тұрғындары елордаға кедергісіз қатынай береді. Тек, төтенше жағдай талаптарын сақтаулары керек.

Сөз соңында Ермек Маржықпаев облыс тұрғындарын жаңа форматта аталып өтілгелі тұрған Наурыз мейрамымен құттықтады.

Редакция таңдауы

Сапарғали Бегалин − жас ұрпақтың сүйікті жазушысы

ХХ ғасырдың басында дүниеге келіп қилы кезеңдерді бастан кешкен, солай болса да бар өмірін сөз өнеріне арнап өткен Сапарғали Ысқақұлы Бегалин әдебиеттің көптеген жанрларында...

Қазақ каскадері «Таурус» сыйлығын алды

Nomad Stunts каскадерлар тобының негізін қалаушы, каскадер, актер Жайдарбек Күнғожинов Әлемдік каскадерлар академиясының (АҚШ) «Таурус» премиясын жеңіп алды. Жайдарбек Күнғожинов каскадерлар арасында «Оскар» сыйлығына теңелетін...

Біреуге ақыл, біреуге ақша керек

Қазір мобильді құрылғылар мен әлеуметтік желі өміріміздің ажырамас бір бөлігіне айналды. Биыл әлемде 4,5 млрд адам интернетке жүгінген. Қазіргі таңда жер бетіндегі халықтың жартысынан...

Арғынбек Шегебай: Facebook қызметкерлері Цукербергке сын айта алады

2004 жылы Гарвард университетінің бір топ студенттері ойлап тапқан Facebook желісін бүгінде күн сайын дүниежүзі бойынша екі миллиард жеті жүз миллионға жуық қолданушы пайдаланады....

«Бұзықтығы үшін жаза»: Тәрбиеші балабақшадағы балаларды дәретхана жууға мәжбүрлеген

Ресейдің Томск қаласының прокуратурасы жергілікті балабақшалардың бірінде балаларды еден мен дәретхана жууға...

Қазақстан COVID-пен қарыз алып күреседі

Мәжіліс отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев екі банктен қарыз алу туралы келісімді...

Әлемнің ең дәулетті адамдары: Илон Маск Билл Гейтсті басып озды

SpaceX және Tesla басшысы Илон Маск әлемнің ең дәулетті адамдары тізімінің екінші...

Қазақстанның алты қаласында қоқыстан энергия өндіретін зауыт салынады

Қазақстанның алты қаласында пилоттық режимде тұрмыстық қатты қалдықтарды өртеу арқылы энергия өндіретін...

Францияның экс-президенті 10 жылға сотталуы мүмкін

Жемқорлық және тергеуге заңсыз қысым көрсетті деп айыпталған Францияның экс-президенті Николя Саркозиге...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...