Алматыдан 137 шақырым қашықтықта жер сілкінді

Алматыдан 137 шақырым қашықтықта жер сілкінді

Алматыдан 137 шақырым қашықтықта жер сілкінді
ашық дереккөзі
Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясының Сейсмикалық стансалар желісі Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 137 шақырым қашықтықта, Қырғызстан аумағында жер сілкінгенін хабарлады.  «Зілзала Алматы уақытымен 20 наурыз 6 сағат 49 минут 00 секундта тіркелді. Энергетикалық класы – 10,9. Магнитудасы – 5.1. МSК-64 шкаласы бойынша Алматы қаласында 2 баллдық жер сілкінісі сезілген», – делінген хабарламада.