Төтенше жағдай кезінде той жасаған түркістандық тұрғын небәрі 26 510 теңге айыппұл төлейтін болды. Түркістан қаласының мамандандырылған әкімшілік соты өз үйінің ауласында той жасаған азаматқа қатысты шешім шығарды, – деп жазды ҚазАқпарат. Облыстық соттың мәліметінше, аталған азаматқа қатысты әкімшілік іс ҚР ӘҚБтК 476-бабының 3-бөлігімен қаралған. «Сотта М. өз кінәсін толық мойындап, істеген ісіне өкінетінін айтқан. Соттың қаулысымен М. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзу туралы кодексінің 476-бабы 3-бөлігінде көрсетілген құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 26 510 теңге айыппұл салынды. Сот қаулысы заңды күшіне енбеген», – делінген соттың Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшада. Еске сала кетейік, кеше Түркістан облысында төтенше жағдай кезінде той жасаған тұрғынға әкімшілік хаттама толтырылған болатын.
Жүктелуде...