Мемлекет басшысы қазақстандық дәрігерлерге үндеу жасады

Мемлекет басшысы қазақстандық дәрігерлерге үндеу жасады

Мемлекет басшысы қазақстандық дәрігерлерге үндеу жасады
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев отандық телеарналар арқылы жасаған үндеуінде қазақстандық медицина қызметкерлеріне үлкен жауапкершілік жүктелетінін жеткізді.  "Бұл күндері денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлеріне үлкен салмақ түседі. Олардың кәсібилігі мен адами қарым-қатынасына көп нәрсе байланысты. Біздің дәрігерлер еліміз үшін қиын кезеңді абыроймен өткеріп, қазақстандықтардың денсаулығын сақтау үшін қолдан келгенін аянып қалмауы керек", - деді Қ.Тоқаев үндеуінде. Айтуынша, президенттің тапсырмасымен үкімет резервінен дәрі-дәрмек, тест жүйелер мен зертханалық жабдықтар сатып алу үшін ақша бөлінген. Ауруханаларда төсек орын жеткілікті. "Мемлекеттік органдар санитарлық-профилактикалық және эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру бойынша жоспарлар әзірленгенін ерекше атап өткім келеді. Қазақстан азаматтарын өкілетті қызметтерге жәрдемдесуге шақырамын", - деді Мемлекет басшысы. Президент қазақстандықтарды жауапкершілік пен тәртіпке үндеді. Аурудың алғашқы белгілері байқалған жағдайда, дереу дәрігерге қаралуға кеңес берді. "Медициналық тексерістен жалтарғандар дәне карантин режимін бұзғандар жалазанады", деді президент.