Сәрсенбі, 30 Қараша, 2022

Ресей Беларусь елімен шекараны жапты

Ресей Федерациясы Беларусь елімен шекараны жабу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы РФ премьер-министрі Михаил Мишустин мәлімдеді. 

«Біз адамдардың қозғалысын шектеу үшін Беларусь елімен шекараны жабу туралы шешім қабылдадық. Сондай-ақ, басқа да бірқатар шаралар қолданудамыз. Біз әрі қарай да елімізді жаңа қауіптен қорғау үшін бәрін жасаймыз. Коронавирустың жаппай таралуына жол бермеу үшін бір қадам алда жүріп, түбегейлі шаралар қабылдаймыз», – деді ел премьері.

Айта кетейік, коронавирустың таралуын шектеу үшін Қазақстанда төтенше жағдай режимі енгізілді.

Ел тұрғындарының шетелге шығуына, шетелдіктердің Қазақстан аумағына кіруіне тыйым салынды.

Соңғы дерек бойынша, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 9 адамға жетті. Олардың жетеуі Алматыда, екеуі елордада ем қабылдап жатыр.

 

Байқау айқын
Байқау айқын

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button