«Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің отырысы өтпейтін болды

«Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің отырысы өтпейтін болды

«Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің отырысы өтпейтін болды
ашық дереккөзі
2020 жылдың 18 наурызына белгіленген «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің отырысы өтпейтін болды. Бұл туралы Бауыржан Байбек Twitter-дегі парақшасында жазды. «Коронавирус инфекциясы тарау қаупіне байланысты енгізілген шектеу шараларына орай 2020 жылдың 18 наурызына белгіленген «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің отырысы өтпейтін болды» делінген хабарламада. Еске сала кетейік, 5 ақпан күні Елбасы пратия Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдап, бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді. Кейін «Nur Otan» партиясының Төрағасы – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2020 жылдың 18 наурызында партияның Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысын шақыру туралы Қаулыға қол қойған болатын.