Коронавирус: Криштиану Роналду карантинге жатқызылды

Коронавирус: Криштиану Роналду карантинге жатқызылды

Коронавирус: Криштиану Роналду карантинге жатқызылды
ашық дереккөзі
ҚазАқпараттың мәліметінше, жаңа COVID-19 коронавирусы «Ювентус» футбол клубының ойыншысы Даниеле Руганиден табылған соң, анасының халінен хабар алу үшін Мадейра қаласына барған Криштиану Роналду да оқшауланған. Бірақ ойыншының өзінде де, отбасы мүшелерінде де коронавирус белгілері жоқ. Бұл туралы Мадейра денсаулық сақтау министрі Педру Рамош хабарлады. «Роналду бірнеше күн бұрын Италиядан кеткен. Оны оқшаулау Мадейраға келмей-ақ басталған еді. Әзірге одан да, отбасы мүшелерінен де ешқандай симптомдар байқалған жоқ», – деді Педру Рамош.