253
Бас санитар кәсіпорын басшыларына үндеу жасады
Бас санитар кәсіпорын басшыларына үндеу жасады
ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин кәсіпорындар мен ұйым басшыларына үндеу жасады.
«Кәсіпорындар мен ұйымдардың басшыларына 1-2 санаттағы елдерден келген қызметкерлерді жұмысқа жолатпау керек. Неге десеңіз, ең біріншіден бүкіл ұжымды қорғау керек. Олар өз тарапынан өз жанұясын, достарын, туыстарының денсаулығын ойлауы керек», - деді Ж.Бекшин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте
Айта кетейік, 4-наурыздағы 12-қаулының 1 тармағына сәйкес, 1 Б және 2 санаттағы елдерден келетін адамдар заңнамаға сәйкес, тұратын жері бойынша өзін-өзі оқшаулап, үйдегі карантинде болуы тиіс.
Ал 1 А тобындағы елдерден келгендер міндетті түрде 14 күнге карантинге жатқызылады.
Бүгіннен бастап Италия коронавирусқа байланысты 1-санаттың А тобына енгізілді.
Еске сала кетсек, бұған дейін коронавирустың жаңа белгілері пайда болғанын хабарлағанбыз. Вирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде.
Сингапурлық дәрігерлер екі мәрте жаңылып, коронавирус жұқтырған науқастарды денге қызбасынан емдеген. Алайда ем-дом көмектеспегеннен кейін ғана коронавирусқа сынама алынып, ауру расталды.