«Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның профилактикасы шараларын одан әрі күшейту туралы» қаулыға өзгерістер енді. Қаулы мәтініне сәйкес, COVID-19 коронавирустық инфекция бойынша қолайсыз елдер тізімі өзгертілген. Мәселен, 1 а) санатты елдер тізіміне, ҚХР, Иран, Оңтүстік Корея елдері кірсе, ал Италия 1 б) санатына енгізілген. 2-санатқа Германия, Испания кірген. 3-санаттағы елдерді Жапония, Тайланд, БАӘ, Франция, Швеция, Малайзия, АҚШ, Сингапур, Кувейт, Бахрейн, Ирак, Ұлыбритания, Швейцария, ҚХР Гонконг АӘА толықтырды. Еске сала кетейік, бұған дейін Ресейде коронавирус жұқтырудың 4 жаңа дерегі тіркелгенін хабарлаған болатынбыз. Коронавирустың жаңа түрін жұқтырғандардың үшеуі Липецкіде, ал біреуі Санкт-Петербург ауруханасында. Науқастардың барлығы Италиядан сапарлап келгендер.
Жүктелуде...