Елордада еріктілер қала аруларына мыңнан астам қызғалдақ сыйлады

Елордада еріктілер қала аруларына мыңнан астам қызғалдақ сыйлады

Елордада еріктілер қала аруларына мыңнан астам қызғалдақ сыйлады
ашық дереккөзі
Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында елордалық волонтерлер «Көктем шуағы» акциясын өткізді. Нұр-сұлтан қалалық әкімдігінің мәліметінше, 5-8 наурыз күні өтетін акция аясында еріктілер аяулы арулар мен аналарға мыңнан аса қызғалдақ гүлін сыйлайтын болады. Аталмыш акция қала халқы көп шоғырланған «Астаналық» сауда орталығы мен «Тұлпар» сауда үйінің іргелес аумағынан бастау алып үлгерген. Волонтерлер сауда орталығының қызметкерлерін мерекемен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді. Акцияға 20 ерікті қатысты, олардың ішінде кәсіпкерлікпен айналысатын волонтерлер де бар. Волонтерлар көктемгі мерекеде әйел азаматтарға жақсы көңіл-күй сыйлау арқылы ерекше әсерге бөленгендерін атады. «8 наурыз ерекше мейрам. Көктем мерекесі. Біздің акциямыз ардақты аналарға, апа-қарындас тарға, барлық әйелдер қауымына арналады. Гүл сыйлап тұрған алғашқы секундтарда қыздар таңданып, сенімдікпен қарайтын. Кейіннен қуанып, осылай көңіл бөлгенімізге алғыстарын білдіріп жатты», – деді елордалық волонтер Адилет Байбосынов. Акция 8 наурызға дейін созылады және волонтерлар гүлді коммуналдық сала қызметкерлеріне, мәдениет, медицина және әлеуметтік сала қызметкерлеріне, сондай-ақ, түрлі сала мамандарына таратпақ.