Италияда коронавирус құрбандарының саны 107-ге жетті

Италияда коронавирус құрбандарының саны 107-ге жетті

Италияда коронавирус құрбандарының саны 107-ге жетті
ашық дереккөзі
Соңғы тәулікте Италияда 443 адам коронавирус жұқтырған. Нәтижесінде елде қауіпті індетке шалдыққандардың жалпы саны 2706 адамға жетті, деп хабарлайды ANSA. Италияда коронавирустан көз жұмғандар саны – 107 адам. Елдің азаматтық қорғаныс ұлттық қызметінің басшысы Анджело Борреллидің дерегі осындай. Ал 276 адам дерттен сауығыққан.  Бұл сейсенбі күнгі көрсеткішпен салыстырғанда, 116 адамға көп. Дерттен айығып кеткендер санының өсімі  72,5 пайызды құрап отыр. Бореллтдің мәліметінше, індет жұқтырғандардың 297-сі ауыр халде. 1346 адам ауруханада, тағы 1065 адам – үйдегі карантинде жатыр. Бұған дейін  Италия билігі мектептер мен университеттерді жабу туралы шешім қабылдағаны жөнінде хабарлағанбыз. Коронавирус жұқтыру жағдайлары жиілеген елдің солтүстік өңірлерінде мектептер жабылып үлгерген. Атап айтқанда, Ломбардия, Венето, Эмилия-Романья, Пьемонте секілді облыстарда оқушылардың сабағы тоқтатылған. Бүгіннен бастап елдің өзге өңірлерінде де мектептер мен ЖОО-лар уақытша жабылмақ.