Коронавирус: АҚШ-та алғашқы өлім тіркелді

Коронавирус: АҚШ-та алғашқы өлім тіркелді

Коронавирус: АҚШ-та алғашқы өлім тіркелді
ашық дереккөзі
АҚШ-та коронавирус салдарынан болған алғашқы өлім тіркелді. Вашингтон штатында қауіпті вирусты жұқтырып алған тұрғындардың бірі қайтыс болды. Эпидемиялық жағдайдың ушығуына байланысты аталмыш штатта төтенше жағдай режимі жарияланды, деп хабарлайды РИА Новости.   Марқұмның отбасына қайғыра көңіл айтқан Вашингтон губернаторы штат бойынша төтенше жағдай жариялады. Бұл әрекетін ол коронавирустан болған АҚШ азаматының бірінші өлімімен ғана емес, жалпы штатта вирустың тарау қаупі артуымен түсіндірді. Төтенше жағдай режимі штаттың барлық аудандарында іске қосылмақ. Шенеунік барша мемлекеттік мекемелер мен департаменттерге қытайлық вирустың өңір бойынша тарап кетпеуі үшін тиісті шараларды қолдануды тапсырды. Төтенше жағдай режимі штаттың Ұлттық гвардия күштерін қолдануға мүмкіндік береді.   Еске сала кетейік, бұған дейін Оңтүстік Корея коронавирус жұқтырған 376 жаңа жағдай тіркелгенін хабарлаған болатынбыз. Мемлекетте қатерлі дертке шалдыққандардың жалпы саны 3526 адамға жетіп отыр. Сондай-ақ, коронавирустың Арменияға жеткені белгілі болды. Науқас –29 жастағы азамат, ол 28 ақпанда әйелімен Ираннан ұшып келген.