Банкоматты жарып жіберген азамат ұсталды (видео)

Банкоматты жарып жіберген азамат ұсталды (видео)

Банкоматты жарып жіберген азамат ұсталды (видео)
ашық дереккөзі
Ақсу қаласының жедел уәкілдері 1995 жылы туған қала тұрғынын ұстады, – деп жазды Polisia.kz. Оған қатысты қасақана өрт қойып, жарылыс жасаған, жалпы бөтен адамның мүлкін қасақана зақымдады деген күдік бар. 27 ақпан күні түнде қаланың кезекші полиция бөліміне “Еуразиялық Банк” АҚ күзет қызметкерінен Ақсу қаласында орналасқан Банк филиалында банкомат жарылғандығы туралы хабарлама келді. Азамат банкоматты өз мақсатында пайда көру үшін қасақана жарды. Анықталғандай, банкоматта ақша болмаған. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы болды. Зардап шеккендер жоқ. Бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 202-бабы 1-тармағы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.