Қытайда коронавирустың жаңа түрінен қаза тапқандар саны 2744 адамға жетті. Дертті 78 497 адам жұқтырған. Ал аурудан айыққандардың саны – 32495. Бұл туралы елдің Денсаулық сақтау жөніндегі мемлекеттік комитеті хабарлады. Соңғы тәулікте індеттен 29 адам көз жұмды. Олардың барлығы – Хубэй провинциясының тұрғындары. Ал Оңтүстік Кореяда коронавирус жұқтырғану дерегі 1595-ке жетті. Соңғы 24 сағатта дертке 334 адам шалдыққаны анықталып отыр. Олардың 307-сі Тэгу қаласының тұрғындары. Елде коронавирустан 12 адам көз жұмып, 24 адам айықты. Айта кетейік, бұған дейін Жапония жағалауында карантинге жабылған круиздік лайнерден эвакуацияланған 3 ресейліктен коронавирус инфекциясы анықталғанын хабарлаған болатыбыз. Жергілікті дәрігерлердің айтуынша, олардың сынамасынан вирус анықталғанымен, науқастарда аурудың ешбір белгісі байқалмаған.
Жүктелуде...