373
Елбасы қабылдауында болды
Елбасы қабылдауында болды
Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады. Бұл туралы Елбасының баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесу барысында Үкімет басшысы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, тікелей шетелдік инвестиция тарту жөнінде баяндады.
Сондай-ақ кездесуде А.Мамин жаңа жұмыс орындарын құру, инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру және агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға бағытталған Қазақстан Үкіметінің қабылдаған шаралары туралы айтып берді.
Сонымен қатар Н.Назарбаев Ұлттық банк төрағасы Е.Досаевты қабылдады.
Ұлттық банктің төрағасы Елбасына 2020 жылдың қаңтарында ақша-несие саясатын жүзеге асыру, елдің алтын валюта активтері мен Ұлттық қордың ахуалы туралы ақпарат берді.
Кездесу барысында Е.Досаев «Бес әлеуметтік бастама» аясындағы мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысы туралы да айтты. Сондай-ақ «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын іске асыру тақырыбы қозғалды.