12 Ақпан, 10:47 516 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

Төрт спортшы Ұлттық құрама сапынан шеттетілді

Сурет - olympic.kz
Сурет - olympic.kz

Қазақстан Биатлоншылар одағының шешімімен Австрияда өтіп жатқан оқу-жаттығу жиындарында спорттық режим мен тәртіп бұзғаны үшін қазақстандық төрт спортшы Ұлттық құрама сапынан шеттетілді, деп жазды pavlodarnews.kz.

Қазақстан Биатлоншылар одағының президенті Ермек Қизатовтың жетекшілігімен Одақтың тәртіптік комиссиясының кезектен тыс жиыны өтті. Бұған Мәдениет және спорт министрлігі мен Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің өкілдері қатысты.

«Комиссия Қазақстан ұлттық құрамасының сапынан төрт спортшыны шеттетті. Олар биатлоннан өтетін республикалық және халықаралық жарыстарға қатыстырылмайды. Атап айтар болсақ, Антон Пантов – төрт жылға, Тимур Куц, Владислав Витенко және Роман Еремин бір жылға спорттан шеттетілді. Спортшылардың барлығы жаттығу жиынынан қайтарылған. Шешімді қабылдауға биатлоннан ұлттық құрама бас бапкері Мақсат Шарановтың рапорты және спортшылар мен бапкерлердің түсініктемесі себеп болды. Сондай-ақ, Обертиллах қаласындағы оқу-жаттығу жиыны кезінде команда мүшелері тұрақтаған австриялық қонақүйдің арыз-шағымы да назардан тыс қалған жоқ», – деді ҚР ҰО комитетінен.

Республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында спортшылардың оқу-жаттығу кезінде тұрақтаған қонақүйде алкогольдік ішімдік ішіп, жиһаздарды сындырып, тәртіп бұзғандары жазылды.

Соңғы жаңалықтар