Премьер-Министрдің орынбасары тағайындалды

Сондай-ақ!

Ақтау: жаңажылда қаланы былтырдан қалған шыршалармен безендірмек

Биыл Ақтау көшелерін безендіріп, жаңажылдық шыршаны орнатуға мемлекеттік бюджеттен қаражат бөлінбейді, - деп хабарлайды Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі. Мерекелік декорацияға былтырдан қалған шыршалар мен...

Apple компаниясының жаһандық қауіпсіздік жөніндегі басшысы пара алды деп айыпталды

Ол 4 жасырын қару лицензиясын жалпы құны 70 мың доллар болатын iPad-тарға алмастырмақ болған деген күдікке ілінді. Калифорниядағы құзырлы органдар Apple компаниясының жаһандық қауіпсіздік басшысы...

Қайрат Нұртастың әйелі «Әлем ханымы–2020» байқауына қатысады

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова Қазақстанның атынан «Әлем ханымы–2020» байқауына қатысады. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында хабарлады. «Биыл «Әлем Ханымы-2020» – «Миссис Вселенная» байқауында Қазақстанды таныстырамын....

Қазақ хандығы дәуірінің ұлы жырауына лайықты құрмет көрсеттік пе…

Мемлекетті мемлекет ететін идеология болса, бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның талассыз негізі 15-ғасырда құрылған Қазақ хандығының идеологиясын жүргізген тұлғалардың негізгілері − ақындар. Соның бірегейі − Қазтуған...

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың №265 жарлығымен Ералы Тоғжанов Премьер-Министрдің орынбасары болып тағайындалды.

Жаңадан сайланған вице-премьердің кандидатурасы бүгін Мәжіліс үйінде өткен Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі палата комитетінің отырысында мақұлданды. Премьер-министрдің тапсырмасымен Канцелярия жетекшісі Ғалымжан Қойшыбаев Ералы Лұқпанұлының мол жұмыс тәжірибесі мен жоғары кәсібилігін тілге тиек ете отырып, оның кандидатурасын ұсынды.

Комитет отырысының қорытындысы бойынша «Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комитеті ҚР Конституциясының «Қазақстан Республикасының Парламенті және ондағы депутаттар мәртебесі туралы» 22-1 бабына сәйкес, Премьер-министр ұсынған Ералы Лұқпанұлы Тоғжановтың кандидатурасын ҚР Премьер-министрінің орынбасары қызметіне лайық деп санайды» деген тұжырым жасалды.

Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы 1963 жылы 13 мамырда Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін (1983-1988 жж.) құқықтану мамандығы бойынша бітірген. ҚР Ғылым Академиясының Мемлекет және құқық институтын (1991-1994жж.) тәмамдаған, мамандығы – заңгер.

  • 1991 жылдан 1998 жылға дейін Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасында оқытушы;
  • 1994-1996 жж. ҚР Ғылым Академиясының Мемлекет және құқық институтында ғылыми қызметкер;
  • 1996 жылдан бастап Қазақ гуманитарлық заң университетінің Мемлекеттік қызмет және халықаралық құқық факультетінің аға оқытушысы, декан орынбасары;
  • 1994 жылдан бастап аталған университеттің халықаралық құқық факультетінің деканы;
  • 1999 жылы филиал деканы;
  • 2001 жылы Астана қаласының Қазақ гуманитарлық заң университетінің Құқық және мемлекеттік қызмет институтының директоры;
  • 2001-2006 жж. Қарағанды облысы әкімінің орынбасары;
  • 2006-2008 жж. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Дін істер комитетінің төрағасы;
  • 2008 жылдың қаңтарында Қазақстан Республикасы Президенті Өкімімен Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі;
  • 2017 жылдың наурызында Маңғыстау облысының әкімі;
  • 2019 жылдың қыркүйегінде Кәсіподақтар федерациясының төрағасы қызметтерін атқарды.

Мемлекеттік марапаттары және құрметті атақтары бар. ІІ деңгейлі «Достық» ордені және «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

Редакция таңдауы

Димаш Құдайберген сүйіктісі бар-жоғын айтты

Әлемге әйгілі әнші Димаштың жеке өмірі қызықты әрі құпия. Әншінің миллиондаған тыңдарманына «оның жүрегін жаулап алған кім ?» деген сұрақ қызықты, алайда әнші өз...

Генерал Б. Жанасаев: Елбасының сенімінен асқан жауапкершілік жоқ

Құқықтық тәртіп әскерінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сенім артқан сардарлар аз емес. Олардың әр қайсысының өз орны бар. Десе де, өмірлік тәжірибесі бай, Елбасының сенімін...

Көреалмаушылықтың көрігін басу кімге керек?

Қай қоғамда болса да жиі айтылатын, жиі талқыға түсетін нәрсенің бірі − көреалмаушылық, яғни қызғаныш. Содан болар, өмірінде қызғаныштың құрбаны болғанын, көреалмаушылықтың кесірінен көп...

Ұлы көштің ұйытқысы

1 желтоқсан – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні. Ел тарихы үшін елеулі күн болғандықтан, Тәуелсіз мемлекетіміздің буынын бекітіп, қанатын қатайтқан Елбасының ерен еңбегін екшеп айтуымыз...
мұрағат

Мұрағат қызметкерлерінің жалақысы өседі

Ол үшін 2,8 млрд теңге бөлінген. Премьер-министр Асқар Мамин ұлттық архив қорын қалыптастыру...
шырша

Ақтау: жаңажылда қаланы былтырдан қалған шыршалармен безендірмек

Биыл Ақтау көшелерін безендіріп, жаңажылдық шыршаны орнатуға мемлекеттік бюджеттен қаражат бөлінбейді, -...
Apple

Apple компаниясының жаһандық қауіпсіздік жөніндегі басшысы пара алды деп айыпталды

Ол 4 жасырын қару лицензиясын жалпы құны 70 мың доллар болатын iPad-тарға...
Қалқаман Сарин

Қалқаман Сарин: шетелдегі қандастарға ана тілді үйрету арқылы көмектесе аламыз (видео)

https://www.youtube.com/watch?v=kpBIsawEmfU&feature=youtu.be&ab_channel=TurkistanInternationalPoliticalWeekly Видео авторы Нұржан ТҰРҒЫМБАЙ

Қайрат Нұртастың әйелі «Әлем ханымы–2020» байқауына қатысады

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова Қазақстанның атынан «Әлем ханымы–2020» байқауына қатысады. Бұл туралы ол...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...