Өскеменде әл-Фараби көрмесі ашылды

«Биыл әл-Фарабидің 1 150, хакім Абайдың 175 жыл­­дық мерейтойларын бү­кіл ел болып атап өтудеміз. Көрмеге ғұ­ламаның өмірінен сыр шер­тетін туындылары қойыл­ған. Философтың ой-тұ­жырым­дары ұлттық бол­мы­сымыздың түп қазығы де­сек артық айт­қандық емес. Мә­дени шара­лар легі әлі де жалғасын та­ба­тын болады», – дейді му­зей директоры Бекайым Ұябаева.

Іс-шара барысында өңір­дегі оқу орындарының оқы­тушылары мен магистранттар әл-Фараби туралы баяндама жасап, пікір алмасты. Көрмеге жи­­налғандар С.Ма­­хан­бетов- тің «Әбу Насыр әл-Фараби» туын­дысы бойын­ша чел­лендж өткізді.

«Әл-Фараби адам бала­сы­ның дүниетанымы жайлы те­­рең зерттеген ғұлама. Оның мол мұрасы ешқашан өзек­ті­лігін жоғалтпайды. Осындай ша­ралар жастарға өте қажет. Ұлы тұлғаларымызды ұмыт­пай, қастерлеу жас ұрпақтың мін­­­деті деп есептеймін», – дей­ді жас журналист Таунар Қай­рат.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button