Бұл қарқынмен 30 елдің қатарына кіру мүмкін емес – сарапшы

Бұл қарқынмен 30 елдің қатарына кіру мүмкін емес – сарапшы

Бұл қарқынмен 30 елдің қатарына кіру мүмкін емес – сарапшы
ашық дереккөзі
Дүниежүзілік банктің Қазақстан бойынша аға экономисі Самсу Рахарджа оңтүстік-шығыс Азиядан туристердің көптеп келуі экономиканың дамуына оң ықпал етеді деп болжайды, – деп жазады inbusiness.kz. «Қазақстанның сыртқы қарызының көлемі ЖІӨ-нің 20 пайызына шамалас. Бұл көптеген елмен салыстырғанда жақсы. Бірақ ресми деректерде фискалдық картина түгел көрініс таппаған. Нақты бағалау үшін сыртқы қарыздың өзге де компоненттері ашық болуы тиіс», – дейді сарапшы. Ел бюджетінің әлеуметтік шығыны 2018 жылы жалпы ішкі өнімнің 4,4 пайызына тең болса, 2019 жылы 5% болған. Жалпы, экономикадағы өсімге осы өзгеріс көбірек әсер еткен. Салдарынан инфляциялық қысым күшейіп, азық-түлік бағасы 9,1% өскен. Егін маусымының жайсыз болуынан ұн, нан бағасының қымбаттауы мүмкін деп отыр сарапшылар. «Жалпы ел экономикасында өсім бар. 2019 жылы ол 4% деңгейінде болды. Ал 2020 жылы 3,7% болады деп ойлаймыз. Инфляция Ұлттық банктің бақылауында болады, дәлізден ауытқи қоймайды. Әлем экономикасының өсімі 2,7% болғанын ескерсек, бұл жаман емес. Бірақ осы қарқынмен 2050 жылы дамыған 30 елдің қатарына кіру мүмкін емес», – деді Самсу Рахарджа.