Ұрлық азаймай тұр – Жамбыл облысында жедел-іздестіру тобы құрылды

Ұрлық азаймай тұр – Жамбыл облысында жедел-іздестіру тобы құрылды

Ұрлық азаймай тұр – Жамбыл облысында жедел-іздестіру тобы құрылды
ашық дереккөзі
Жамбыл облысында қаңтар айының өзінде бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін 40-тан астам адам ұсталған, оның ішінде 6 адам – мал ұрлығымен және 12 адам пәтер ұрлығымен ұсталып, қамауға алынған. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бұған қоса жыл басынан бері 14 қалта ұрысы ұсталып, сотқа дейінгі тергеу изоляторына қамалған. «Бұл бағыттағы мәселелер облыстық полиция департаменті басшылығының ұдайы бақылауында. Осы тұрғыдағы қылмыстың алдын алу мақсатында өңірде жедел-іздестіру тобы құрылды. Мобильді топтар ұрлық жасалынуы ықтимал жерлерге, әсіресе автобус маршруттарында және адамдар көп жиналатын қоғамдық орындарда тұрақты бақылау жүргізуде», – дейді облыстық ПД мамандары.