Гүлмарал Тәттібаева: Шетелде шапан киіп жүремін

Сондай-ақ!

Дерт дендеп тұрса да, думан-тойға миллиондап шашпақ

Коронавирус әлемге кесірін тигізудей-ақ тигізді. Жо­ғалт­­қанымыз көп. Алайда тапқа­ны­мыз да аз емес: денсаулық­тың қадірін, жақынымыз­дың баға­сын, қолда бардың құнын білдік. Көрпемізге қарап көсілуді үйрендік,...

Ауа газға, су зәрге айналса…

Жер басып жүрген пенде үшін негізгі тіршілік тірегі − ауа мен су, сондықтан оны таза сақтау адамзаттың ең бірінші міндеті екені ес білгелі құлағымызға...

Партиялар «парады»

2021 жылғы 10 қаңтарда қазақстандықтар Мәжіліс депутаттарын сайлайды. Соңғы 17 жылда алғаш рет өз уақытында өткелі отырған бұл саяси додадан сайлаушылардың  күтері көп. Ең...

Нұрсұлтан Назарбаев: Түркістанды дамыту – халқымыз үшін қасиетті парыз

Ұлы Жібек жолында мыңжылдық өркениеттерді тоғыстырған Түркістан – Ұлы даладағы ұлы өзгерістерге негіз болған қасиетті қала. Түркістан – ұлы ғұлама Қожа Ахмет Ясауи мен...

–  Өнер ұлтқа, жынысқа бө­лін­бейді дейміз. Десе де, сурет өнерінде жүрген қыздарымыз аз секілді көрінеді. Себебі неде деп ойлайсыз?

– Өнер жолы қиын жол деп жа­тамыз. Не өнер жолын, не жақсы тұрмыстың біреуін таңдау керек кездер болады. Суретші болып бала-шағаны асырау кейде мүмкін болмай қалады. Картина нан емес, ешкім күн сайын сатып ала бермейді. Оны салуға уақыт керек жә­не картина өзінің иесін көп күтіп жатады.

Өзім көпбалалы анамын, өнер жолы қиын десем де, Алланың берген төрт перзентін қатарынан қалдырмай тәрбиелеп, өсіріп отырмын. Өнер алдындағы жауапкершіліктен соң отбасымның алдындағы жауапкершілігім бар. Суретші тек суретпен отбасын асырай алмайды. Оған тұрақты табыс көзі керек. Бірақ тұрақты табыс көзі болуы үшін өнерді тастауың керек болады. Мен олай жасай алмаймын. Қаражат жағынан қанша қысылсам да, өзім таңдаған өнер жолынан айнымай келе жатырмын.

–  Ал сіз сурет салуға деген ша­бытты қайдан аласыз?

– Бала күнімнен бастап елімнің атын шығарсам деген арман болатын. Маған шабыттың қайдан келетінін білмеймін, бірақ мен көшпенділер тарихын зерттегелі бері әжелеріміздің мықтылығына тәнті болумен келемін. Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайына бас сұқсаңыз, бұрынғы аналарымыз тоқыған кілем, алаша, басқан текеметтерінің сапасына қарап таңғаласың. Талай ғасыр тезінен өтсе де, сол күйі түстерін жоғалтпай сақталған. Көшпенділер артық материалсыз қалай мұндай технологияларға қол жеткізген деп ойлаймын. Жасаған жұмыстарына қарап бұрынғы ана-әжелеріміздің жан дүниесінің соншалықты бай болғанын ұғасың. Мүмкін далада таза ауада өсіп, таза сүт пен қолдың ыстық нанын жеп, жылы ошақтың жанында отырған әсер еткен болар. Сол заманның әйелдері ресурсты қайдан алды деген сұрақтың жауабын іздеймін.

– Әйелдердің көне заманнан бері келе жатқан биік рухын, олардың бірлігін, жігері мен мейірімін білдіретін жұмысыңыз – «Great халат» инсталляциясының концепциясы қандай?

– «Great халат» жобасын алғаш Астана Art Fest фестиваліне арнап жасаған болатынмын. 2017 жылы EXPO көрмесінде қала орталығындағы көшелердің бірінде тұрды.

Үйі жоқ адамның жайы белгілі, елорданың төрінде ары-бері пәтерден- пәтерге көшіп шаршаған күндердің бірінде бұрынғы аналарымыздың жайын ойладым. Қазіргі таңда 4 баласы бар әйелге батыр ана деп қарайтын дәрежеге жеттік. Ал ол кезде аналарымыз он шақты баланы өмірге әкеліп, жаз жайлауға, қыс қыстауға көшіп жүрді. Бір киіз үйдің ішінде тату-тәтті өмір сүрді. Қазақ әйелдері сол заманда осындай жағдайда өмір сүрсе де қажыдым деп таусылмаған. Осындай ойлардың жетегінде жүріп Great халат жобасын жасадым.

Алғашында бұл жұмысыма әжем­нің жасауыма деп берген кілемін қойдым. Біз өзіміздің осы дәстүрімізді жоғалтып алдық. Әр қыз баласы күйеуге шыққан кезде анасы түскиіз, кілем немесе алаша дайындап беретін. Сол кілемді ұзатылатын қыз анасымен, әжесімен бірге отырып тоқитын. Өз қолымен кілем тоқу арқылы жүрекке ең асыл сезімдерін тоқып кететін. Қыз күніндегі ата-анасының жанындағы бақытты күндері осылайша жүректе қалатын. Тоқу арқылы қыз баласы сабыр, төзім, шыдам деген қасиеттерге үйренетін. Осылайша, болашақ келін отбасылық өмірге іштей дайындалатын. Үй болған кезде қыз баласы кілемге қарап өскен елін, туған жерін, анасын еске алып отыратын.

– Неге «Great халат» деп атадыңыз?

– Әйел заты үйде халатпен жүреміз. Сыртта шапан киіп жүрсек жарасар еді. Шапан – қазақтың ішкі дүниесінің байлығы. Жалпы, инсталляция «Хан Шатырдың» пішінінен алынған. Сауда үйі болған соң, заманауи әйелдеріміз сонда жұмыс істейді, бірі сол жерден қажетін алады, енді бірі барып баласын ойнатады. Былай қарасаңыз, кезіндегі киіз үйдің формасы сауда үйіне айналған. Яғни құндылықтардың орны азды-көпті ауысты. Негізі әйел адамның байлығы үйінің ішінде, отбасының жанында. Әйел адамның мешіті – оның үйі дейді. Ал бүгінде жігіттер үйленуге асықпайды, қыздар карьера қуып жүр. Мен бұл жұмысты ажырасушылардың көп болуымен салыстырып қарап отырып жасаған болатынмын.

EXPO көрмесінде Great халатты жұртшылық жақсы қабылдады. Бірақ кей қазақтар келіп «Неге шапанды қоясыңдар? Алып таста, ұят нәрсе. Қазір ешкім шапан кимейді» деп айтты. Бұл – шапан киюге ұялатын, төл мәдениетімізден жеріген қазақтың сөзі. Күнде бір өзгеріс болып жатқан заманда қазақ кімге еліктерін білмей қалды. Біресе Ресейге, біресе Батысқа, біресе Америкаға еліктейді. Әйтеуір қазақ қазақ болғысы келмейді. Менің 80-жылдары тігілген әдемі шапаным бар, соны шетелге шыққанда киіп жүремін. Шетелдіктер қызыға қарап, сұрап жатады. Олардың әлеуметтік жағдайы шешілген, тұрмыстары жақсы. Сондықтан болар, рухани жан дүниенің байлығына, сұлулыққа ерекше мән береді.

«Great халаттың» бірінші нұсқасында ішінде жәй халаттар, ал сыртында шапандар болды. Берлинде өткен көрмеге апарғанымда осы жұмысты үлкейтіп, биіктігін 7 метр етіп жасадық. Сол жақтағы әр жерден көшіп келген әйелдермен кездесіп, танысып, олардың киімдерін алып, шатырдың ішкі жағына жинадым. Ал сыртқы жағын қазақтың ескі шапандарымен әрледік. Атауын да «Great қамзол» деп өзгерттік.

– Сіз бір сұхбатыңызда «Біз­дің суретшілердің арасында ауыз­біршілік жоқ. Бірнеше топ­тарға бөлінген немесе өз ше­берханасының айналасынан шықпайтын суретшілер көп» деп айттыңыз. Суретшілер ара­сында неге ауызбіршілік жоқ?

– Бүгінде дәстүрлі және заманауи бағыттағы суретшілердің ауызбіршілігі болмай тұр. Бірлік жоқ жерде сыйластықтың да болмайтыны анық. Дәстүрлі бағыттағы суретшілердің жасы үлкен, ал жас буын заманауи бағыттағы сурет өнеріне жақын. Жас айырмашылығы тым алшақ болғандықтан, пікір қайшылығы жиі байқалып қалады. Батыстық көзқарас жастардың дүниетанымына әсер етпей қоймайды. Жастар үнемі концепция іздеп жүреді, өздерін жан-жақты дамытқысы келеді. Басқа елдерде болған жағдайларға сараптама жасап, тың дүниелер ұсынғысы келеді. Мына заманда бөтелкенің сынғанын немесе бір түсті бояуды қағазға сүйкей салсаңыз керемет өнер туындысы деп бағаланады және оны жақсы ақшаға сатуыңыз мүмкін. Ал дәстүрлі мектеп бағытындағы кәсіби суретшілер мұндай жаңашылдықты қабылдамайды, өздерінің өнерге деген көзқарасын өзгерткісі келмейді. Осындай пікір қайшылығы суретшілер арасында бірліктің болуына кедергі болып тұрған жайы бар. Меніңше жаһандану заманында ұлттық, дәстүрлі реңкті жоғалтпай, заманауи бағытта жұмыс істесек тиімді болады. Мен «Бірлік» атты инсталляциямда осы екі жаққа бөлінген суретшілердің бүгінгі көрінісін бейнелеген болатынмын.

– Сіз өзіңізді қай бағытқа жатқызасыз?

– Өзімді екі бағытқа да жатқызамын. Менің ойымша біз өзіміздің мәдениетімізге сай,  жоғары деңгейде жұмыс істеп, оны заманауи дәрежеде ұсына білуіміз керек. Бірақ мәдениетімізді жоғалтпау керек. Мысалы, сынған бөтелкені салып сатсаң, танымал боласың. Жұртшылық сенің барлық жұмысыңды сатып алады. Бірақ 20-30 жылдан соң сені ешкім есіне алмайды. Бұл бір ғұмыры қысқа шоу сияқты қабылданады. Мен дәстүрлі мектептен кәсіби тәсілдерді ала отырып, мәдени байлығымызды заманауи түрде әлемдік нарыққа ұсынсақ деп ойлаймын. Өйткені мұндай өнер туындысында қазақтың иісі болады. Уақыт өткен сайын құнын жоғалтпайды, бағасы да өсіп отырады.

– Елімізде картина сатып алушылар, коллекционерлер көп пе?

– Отандық коллекционерлер бар, бірақ олар саусақпен санарлықтай өте аз. Біздің ауқатты байларымыз дүниені алтынмен, жылжымайтын мүлікпен, көлікпен жинайтын шығар. Балаларына өнер мұрасын қалдырғаннан, алтын қалдыруды жөн санайтын сияқты. Суретшінің әдемі суретін сатып алу бұл ұрпағыңыздың болашағына, оның тәрбиесіне құйылған инвестиция дер едім. Өйткені әр суретте заманның тарихы мен үні бар. Сол картинаны кейін балаңыз сатқысы келсе де «неге уақыт өткен сайын бұл суреттің бағасы өсіп жатыр?» деп ойланады, ізденеді. Өнердің бағасын жоймайтын құндылық екенін көкейіне түйіп өседі.

– Шетелдік суретшілерге қандай жағдай жасалған?

– Соғыстан кейін Германияда суретшілерді қаңырап бос қалған ғимараттардың ішіне еркін жіберген, олардың шығармашылықпен айналысуына мүмкіндік берген. Соғыстан толықтай жеңілген, қираған ел осылайша сурет өнерін дамытты. Ал бүгінде толықтай жабдықталған шеберханаларына қарасаң көз тояды, станоктарының ескісі де, жаңасы да жұмыс істеп тұр. Бүкіл Еуропаның суретшілері кезекке тұрып, өз жұмыстарын басып шығарып жатыр. Қиялыңды жүзеге асыратын кез келген материал дайын, қолжетімді. Біз екі айдың ішінде шеберханада атқарылған жұмыстармен толықтай танысып, немістердің жұмыс тәсілі мен дәлдігін үйрендік.

Тағы бір мысал, бүгінде бүкіл әлем Түркияға ағылып жатыр. Адамдар Стамбұлды бір көруді армандайды. Өйткені Түркия транзиттік вокзалға айналып отыр. Сәулет өнері ескерткіштерінің бәрі сақталған, тасын түртсең, тарихы сөйлейді. Тарихи, мәдени ескерткіштерді ешкім қиратқан жоқ, бәрі жоғары деңгейде сақталған. Ескі, шаң басқан сәулет өнерінен өткен ғасырлардың иісі аңқып тұр. Мәдениетін сақтап қалудағы халықтың да жанкештілігі зор.

VIII Пекин халықаралық өнер биенналесінде қазақстандық бірнеше суретші картинамызды ұсындық. Бүгінде ол жұмыстар China National Art Museum коллекциясына енді. Көрме кезінде әлемнің әр елінен жиналған 300-ге жуық қылқалам шеберлерін Қытайдың танымал суретшісі өз вилласында қонақ етіп күтті. Білесіз бе, әлгі суретшіге қызыға қарадым. Өйткені оны қолдайтын мемлекеті бар. Ол елінің мәдени дамуына үлес қосса, мемлекет оның материалдық жағдайын жасауға қолдау білдірген. Біздің де әлемдік деңгейде көрме өткізіп, тәжірибе алмасуға шамамыз жетеді.

Осы сапар барысында Қытайдың сауда орталықтарындағы өнімнің 70 пайызы жергілікті жас дизайнерлердің жұмысы екенін байқадым. Бәсеке жоғары болғанына қарамастан дизайнерлер өз дүкенін ашып, сапалы өнімдерді көпшілікке ұсынып отыр. Ішкі нарық дамыған, сатып алушы – өз халқы. Бізде мұндай қолжетімділік жоқ. Бір картинаны жазу үшін оған қажетті материалды Қазақстаннан таппай қиналатын кезіміз болады. Шеберхананы жалға алып отырған суретшілер қаншама. Әрқайсысы шамасы келгенше көрмелерге қатысып, өз күндерін өздері көріп отыр.

– Біздің суретшілерге мемлекет тарапынан қандай жағдай жасалуы керек деп ойлайсыз?

– Елімізде талантты шеберлер өте көп, олардың жұмыс істеуіне мүмкіндік беру керек. Суретшілердің жұмысына қажетті материалды сатып алуға, шеберханада алаңсыз шығармашылықпен айналысуға, жастарды қолдау мақсатында қаржылай стипендия даярлауға, суретшілердің жалақысын арттыруға мемлекетіміздің шамасы жетеді деп ойлаймын. Еліміздің атын танытып, шетелге шығып жүрген суретшілерімізге ерекше қолдау керек. Біздің жол шығынымызды өтегенімен, ұзақ уақытқа кеткен кезде елде қалған отбасымызға қаржылай көмек керек екені анық.

Сонымен қатар оқу орындары ашылып, ал музейлер тәжірибе алмасатын орынға айналуы тиіс. Шетелдік әріптестерді шақырып, біздің суретшілерімізді сонда жіберіп, үздік тәжірибенің бәрін қабылдап жатсақ, жақсы емес пе? Мәдениет, өнер саласына қолдау тек бір жылдық науқан емес, тұрақты негізде жүзеге асырылса дейсің.

Қазақтың сурет өнерін әлемге танытуымыз керек десек, суретшілерге мемлекет тарапынан қолдау керек.  Шетелге шыққан кезде олардың бізді қалай құрметтейтініне қарап сүйсінесің, өнерді шынайы бағалайды. Ал біздің елімізде, өкінішке қарай, мұндай бағалауға әлі қол жеткізген жоқпыз.

Сұхбаттасқан

Арайлым ЖОЛДАСБЕКҚЫЗЫ

Редакция таңдауы

Қандасымыз мемлекеттік сыйлық иегері атанды

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Математика және математикалық модельдеу институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас ғылыми қызметкері, Қазақстан Республикасы  Ұлттық   ғылым   академиясының ...

Дерт дендеп тұрса да, думан-тойға миллиондап шашпақ

Коронавирус әлемге кесірін тигізудей-ақ тигізді. Жо­ғалт­­қанымыз көп. Алайда тапқа­ны­мыз да аз емес: денсаулық­тың қадірін, жақынымыз­дың баға­сын, қолда бардың құнын білдік. Көрпемізге қарап көсілуді үйрендік,...

Ауа газға, су зәрге айналса…

Жер басып жүрген пенде үшін негізгі тіршілік тірегі − ауа мен су, сондықтан оны таза сақтау адамзаттың ең бірінші міндеті екені ес білгелі құлағымызға...

Партиялар «парады»

2021 жылғы 10 қаңтарда қазақстандықтар Мәжіліс депутаттарын сайлайды. Соңғы 17 жылда алғаш рет өз уақытында өткелі отырған бұл саяси додадан сайлаушылардың  күтері көп. Ең...

Ауыл мұғалімі сыйға берілген 1 000 000 АҚШ долларын әріптестеріне бөліп берді

Үндістандық мұғалім Ранджитсингх Дисейл жыл сайын ЮНЕСКО-ның ұйымдастыруымен өтетін «Global Teacher Prize...
Балжан Бидаш

Біз кездескен емеспіз: Балжан Бидаш актер Жаханға тұрмысқа шықты

Бұған дейін бұл жұп бірнеше вайн түсіріп, желі қолданушыларының оң бағасын алып жүрген...
шошқа обасы

Қазақстанмен шекара аймақта шошқа обасының өршуі тіркелді

Қазақстанмен шекара Ресейдің Омбы облысында африкалық шошқа обасының өршуі тіркелді. Сол себепті...
ашаршылық

Ашаршылық алдында тұрған адамдардың саны 270 миллионға жетті

2021 жылы әлем соңғы 75 жылдағы ең ауыр гуманитарлық дағдарысқа тап болуы...
қылмыс

Бурабайдағы пәтерден төрт әйелдің денесі табылды

Ақмола облысының Бурабай кентінде тұрғын үй пәтерлерінің бірінен төрт әйелдің денесі табылды....

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...