Коронавирусқа қатысты жалған ақпарат таратқан әйел ұсталды

Коронавирусқа қатысты жалған ақпарат таратқан әйел ұсталды

Коронавирусқа қатысты жалған ақпарат таратқан әйел ұсталды
ашық дереккөзі
29 қаңтарда әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында «WhatsАpp» әлеуметтік желісі арқылы жалған ақпарат тарату фактісі анықталды. ҚазАқпараттың жазуынша, тексеру іс-шараларын жүргізу барысында дауыстық хабарды таратқан әйелдің жеке басы анықталды. Ол фармацевтикалық компанияның 37 жастағы жұмысшысы болып шықты. «Жауап алу кезінде ол жалған ақпаратты қасақана тарату фактісін мойындады. Қазір облыстық полиция департаменті ҚР ҚК 274-бабының 2-бөлігінің сотқа дейінгі тергеуін бастады», – деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов. Ақтөбе облысының полиция департаменті жалған мәліметтерді таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын еске салады. Айта кетейік, ҚР ҚК-нің 274-бабының 2-бөлігіне сәйкес БАҚ және ақпараттық-коммуникациялық желілер арқылы көрінеу жалған ақпарат тарату 3 мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, 800 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.