Мемлекет басшысы Путинді Көкшетауға шақырды

Мемлекет басшысы Путинді Көкшетауға шақырды

Мемлекет басшысы Путинді Көкшетауға шақырды
ашық дереккөзі
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинді күзде Көкшетауда өтетін XVII өңіраралық экологиялық ынтымақтастық форумына қатысуға шақырды. Бұл туралы Президент Ресей Федерациясы үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен Нұр-сұлтандағы кездесуі кезінде айтты.    width= Ақорданың мәліметінше, тараптар Қазақстан-Ресей қарым-қатынасының басым салаларын, соның ішінде Жайық трансшекаралық өзенінің су ресурстарын пайдалану мен экология мәселелерін талқылады. Қазақстан Президенті екіжақты сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі нығайту мақсатында екі ел үкіметінің әрекетін тығыз үйлестірудің өзектілігін атап өтті. Мемлекет басшысы биыл күзде Көкшетауда өтетін экология мәселелеріне арналған XVII Аймақаралық ынтымақтастық форумына Ресей Президенті Владимир Путиннің қатысатынына сенім білдірді.